Ұстаз болу жүректің батырлығы

Страницы: 1 | 2  >  >>







Ұстаз болу жүректің батырлығы

Ұстаз - құрметті сөз. Ол - адамдардың " өмір атты сахнада" өз орнын табуға көмектесуші, тәрбие және білім беруші. Әлемдегі бар саясаткер, кәсіпкер, батыр, президент, ел мүддесіне қызмет етушілер тіпті ұстаздардың өзі ұстаздың алдынан өткен. Сондықтан да әлемде қанша жан болса, сонша парыз бар.
Ол - шәкірттің ұстаз алдындағы парызы. Ол парызды орындау үшін әр адам өмірдегі өз орнын таба білуі керек. "Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та бар, қалан"- деп, Абай атамыз айтқандай, әрбір адамның өмірдегі алған орны, бағындырған жетістігі ұстазын қуантады. Егер шәкірт білім жолында жетістіктерге жетсе, ол тек шәкірттің еңбегі емес, ең алдымен ұстаздың үздіксіз жұмысының жемісі. Өнегелі ұстаздан өрелі шәкірт шығатыны да белгілі. Себебі ұстаз қаншалықты қабілетті болса, оқушы да соншалықты талапты болмақ. Шәкірттердің білім атты теңізде жақсы жүзуіне себепші ұстаздың бала бойына сусындатқан білімі.
Алтын ұя мектептің жаны да, ары да - ұстаз. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, бойына жақсы қасиеттерін дарытып, адамгершілікке тәрбиелеуде ұстаздың еңбегі зор. Халқымыз әрқашан да ұстаз мәртебесін көтеріп, қатты қастерлеп бағалаған. Жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беру жолында, ұстаздарының еңбегі өлшеусіз. Бар өмірін ұрпақтың білімі мен тәліміне сарп ететін қажырлы да қайсар жандар кім десе, ол - мұғалімдер қауымы. Қиындығы мен қарбаласы қатар жүретін, күрделі мамандықты таңдаған менің ұжымымның бар бақыты оқушылардың сапалы білімінде. Барлық әлемнің мұғалімдері сияқты біз де болашақ ұрпақтың білімін толықтырып, үлкен өмірге дайындаудамыз. Қазақстанның болашағы жастардың болашағы, ал жастардың болашағы ұстаздардың қазіргі қызметі және берген білімі. Сол себепті

Страницы: 1 | 2  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: