Көктем құстарын кім атайды?
Балалар: -Қараторғай, қарлығаш,тырна.
Тәрбиеші: - Осы құстар нені қорғайды?
Балалар: - Ағаштарды.
Тәрбиеші: - Ағаштар не үшін керек?
Балалар: - таза ауа шығарады.
Ал енді осы құстар туралы тақпақ,мақал-мәтел,тыйым сөздер
кім айтады.
Таңатар:Қарға,қарға,қарғалар,
Қар үстінде жорғалар.
Боран соқса қар болар,
Бұтаға қонар қарғалар.
Мадина:Қос қанатын иіп ап,
Жарға келіп қонады.
Қара киім киіп ап,
Балшықтан үй соғады.
Медина:Үйге кірші торғайым
Мен аяздан қорғайын.
Жем шашамын,жегейсін
Үйшік жасап берейін.
Қ. Аяжан:Келіп көктем құстары,
Бау-бақшада ән салды.
Оларды жас достары
Ұя жасап қарсы алды.
Тәрбиеші:Құстар туралы мақал-мәтелдер кім айтады.
Камила:Құс төмен ұшса жаңбыр жауады,
Жоғары ұшса күн жылы болады.
Самира:Сауысқан шиқылдаса,жақсы хабар естиміз.
У. Амина:Қыста құсқа жақсылық жасасаң,жазда
жақсылығыңды өтеп береді. Құстар-достар
Тәрбиеші:Құстар туралы тыйым сөздер кім айтады.
Асанали:Құсқа тас лақтырма.
Ералы:Құстардың жұмыртқасын жарма.
Аилина:Аққуды атуға болмайды,
Досыңды сатуға болмайды.
Айзере:Құстың ұясын бұзба,
.
Ғажайып сәт: Сол сәтте аузында тістеген себеті бар көгершін ұшып келеді.
Көгершін: -Сәлеметсіңдер ме,балалар. Мен аспанда ұшып жүріп,
сендерді көріп,қонаққа келдім. Мен сендерге босқа келген жоқпын сендердің білімдеріңді тексерейін деп келдім.
1-тапсырма: Балалар сендер құстар туралы қандай ойын білесің-
дер ? Кәне,атаңдаршы.
Балалар: «Ұшты-ұшты» «Мысық пен торғай», «Аққу-қаздар»
2-тапсырма: Мен сендерге бір ойын алып келдім. Ойын "Ұшады, ұшпайды"
Көгершін: - Ой-бу, балалар мен жарақаттанып қалдым,енді мен
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>