Құстар- біздің досымыз

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Тақырыбы:Құстар - біздің досымыз
Мақсаты: Оқушыларға жалпы құстардың пайдасы туралы, олар жөнінде мағлұмат беру. Негізінен оларға қамқор болуға, құстарды аялауға бейімдеу. Әлем құстарымен таныстыру. Міне мынау көңілді көктемде құстардың оралуын, олардың азайып кеткенін хабардар ету. Оқушылардың құстар туралы ой өрістерін, түсініктерін дамыту. Отанын, жерін, орманын, көлін, табиғатын сүюге баулу.
Көрнекіліктер: Альбомдар, суреттер, плакаттар,
Барысы:
1. Ұйымдастыру
2. Келген қонақтармен танысу
3. Тәрбие сағатын ашу
4. Қорытындылау
Мұғалім:
Біздің халқымыз кең далада, табиғат құстары бай далада өскен. Бүгінгі "Құстар - біздің досымыз" атты тәрбие сағатын бастауға рұқсат етіңіздер.
1-сәуір десе , ойымызға Күлкі күні оралатыны анық. Сонымен бірге бұл күні әлем жұртшылығы Құстар күнін де атап өтеді. 1906 жылдың 1сәуірінде құстарды қорғау туралы Халықаралық конвенция қабылданған болатын. Қазір аталған құжатты әлем елдерінің барлығы дерлік қолдады.
1-оқушы: Сәуір келді,
Тірлікке жан кірді.
Кең дала жасарып, жаңғырды,
Бар өңір құлпыра бастады,
Төсіне құйып ап жаңбырды.
Тірлікке жан кірді көктем кеп,
Айнала, сай-сала көкпеңбек,
Диқанның арқасы босады.
Қытымыр қысымыз өтті деп.
2-оқушы: Жыл құстары келді деп,
Балдырғандар мәз болды.
Қос қанаты желпілдеп,
Көлге үйрек-қаз қонды.
3-оқушы: Қызыл тал, қызыл тал,
Қызыл талда бүршік бар,
Бүршігін сол жарғаны,
Көктем келіп қалғаны.
Ұшып келген ең алғаш,
Қараторғай қырағы.
Ұяларға қонақтап,
Дейді "менің" тұрағым.
1-жүргізуші: Балалар, біздер жыл сайын көктем айында қанатты достарымыз құстар мерекесін тойлаймыз. Міне сол күн, сол мереке биыл да келіп жетті. Өлкеміз, өзен мен кө

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: