Құстар

Страницы: 1


Тақырыбы: Құстар
Мақсаты :Балаларға жалпы құстар туралы, олардың тіршілігі мен пайдасы туралы түсініктерін қалыптастыру,құстардың суретін бояуға үйрету.
Көрнекілігі :Құстардың суреттері,бейнелеу құралдары кітаптар көрмесі
Сабақтың барысы:
Балалар, бүгін біз құстар жайлы сабақ өтеміз,
Құстардың аттарын атаңдар!
Құстар немен қоректенеді?
Олардың адамға қандай пайдасы бар?
Елімізде 500-ге жуық құстардың түрлері бар. Олар тіршілік иесі боландықтан ұрпақ өрбітеді,балапандарын жаулардан қорғайды. Олардың әуендері табиғатты құлпыртады. Құстар жабайы және үй құстары болып екі топқа бөлінеді. Жабайы құстарға-бүркіт,сұңқар,лашын тоқылдақ жатады. Үй құстарына-тауық,үйрек ,қаз,т. б жатады. Құстардың сайрағаны адамның көңілін көтереді. Олар адамың көмекшісі,көктем,жаз,күз айларында олар құрт-құмырсқа, көбелек ,өрмекші сияқты жәндіктерден орманды, бау-бақшаларды тазартады. Құстарға қыста көмек беруіміз керек.
Енді "Шатасқан әріптер" ойынын ойнаймыз
Қуақ-аққу
Өккек-көкек
ұбллбұ-бұлбұл
реүйк-үйрек
"Үй тұрғызайық" ойынында құстың ұясын жасауды үйрету.
Құстар туралы жұмбақтар шешейік.
Ағашты құрт-құмырсқадан қорғайтын орман егесі
(Тоқылдақ)
Ән салып,сайрайтын құс.
(Бұлбұл)
Киелі құс
( Аққу)
Жұмбақ шешу барысында балаларға құстарды ажыраты білуге үйрету.
Қорытынды: Балалар бүгін біз құстардың түрлерімен және олардың адамға тигізетін пайдасы жөнінде айтылды. Олардың етін,жұмыртқасын жейміз. Жүнінен мамық жастық жасаймыз. Осымен балалар ашық сабағымыз аяқталды.
Бағалау:Балаларды мадақтау







Страницы: 1
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: