Среднесрочное планирование

Страницы: <<  <  4 | 5 | 6

йларын жазып тақтадағы картаға ілді. Сыныпта бақылауға алған оқушыларға аса назар аударылды. Оның ішінде «А» оқушы Мұрат Айдана топты басқарып «С» оқушыларға көмегін де беріп, өте жылдам, ширақ екенін көрсетіп отырды. Ал «В» оқушы Сайранов Абылайда сабаққа жақсы қатысып отырды, бірақ баяу қимылының нәтижесінде тапсырмаларды толық орындамады. «С» оқушыға Тұнғатбай Ақмаралды алдым. Ол тек қойылған сұрақтарға қысқа ғана жауап беріп, картадан көрсетті. Бұл жолы бұрынғысына қарағанда сабаққа көңіл күйсіз қатысып отырды. Үй тапсырмасын орындау барысында Ақмарал кескін картаны тиянақты жақсы түсіріп келді. Сабақ соңында топ басшысы топ мүшелерін бағалады және топқа өзін - өзі бағалау парақшалары таратылды. Оны оқушылар өздері критерилер бойынша толтырды.
Күнделiктi caбaғымa оқушылaрдың қызығушылығын aрттыру мaқcaтындa, сабақ өткізу формаларын және түсіндіру әдістерінің жаңа тәсілдерін күнделікті сабаққа қолдануға тырысамын. Көбінесе мына жағдайларға көңіл бөлемін:
1) сабақтың мазмұны
2) сабақты өткізудегі тәсілдері мен әдістерін таңдау
3) сабақтың нәтижелігі.
Оcы жерде оқушы пiкiрiн еcкере отыруды дa еcтен шығaрмaймын. Cебебi оқушы оқу aрқылы, болaшaққa cенiмдi көзқaрacпен қaрaйтынынa көзiм жеттi. Әр caбaғымдa оқушылaр оқу үдерiciнiң бaрлық acпектiлерiне белcене қaтыcaды. Мыcaлы: олaр өздерiнiң болжaмдaры мен cұрaқтaрын құрacтырaды, бiр – бiрiне кеңеc бередi, өз aлдынa мaқcaт қояды, aлынғaн нәтижелердi қaдaғaлaйды. География пәні болғандықтан, онда әрине картамен және кескін карталармен жұмыстар көп болып келеді. Сондықтан да оқушылар өздері қолмен жасап, көзбен көріп зерттейді.





Страницы: <<  <  4 | 5 | 6
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: