ай
Бітеу буын. Дауыссыздан басталып, дауыссыздан аяқталған буындар. Мысалы: нар, бал, нан, тас, бас, қарт, өрт.
Шардағы әріптер.
Мұғалім: Оқушылар, түсінгенімізді тексеру үшін әріп жазылған шарларды алайық, мен буындарды атағанда тізбектеліп тұрамыз.
Шардағы әріптер жалғасы. Тапсырма.
3 дауысты және дауыссыз әріптерді таңдаған оқушылар 3 сөзден қояды. Бір бірлеріне. Оқушылар буын түріне талдайды.
296-жаттығу
"Ереуіл атқа ер салмай" М. Өтемісұлы кім? Буын санын айту.
Дәптермен жұмыс. Тарихи сөздер: са-дақ, қо-рам-сақ, қо-зы жа-уы-рын.
Сөздікпен жұмыс.
Қозы жауырын - Үлкендігі қозының жауырындай садақ оғы.
Қорамсақ - садақ оғы салынған қабының бір түрі.
Беркініп-бекініп, мақсат қойып деген мағына.
Папкаға салып қояды. Келесі сабақта міндетті түрде сұраймыз.
297-жаттығу
І. Мәтінді буынға бөліп оқытқызу.
ІІ. Аңшылық туралы мақалдар:
1. Аң атпаған атынан көреді,
Ата алмаған мылтығынан көреді.
2. Аңды ерінбеген атады,
Я көрінбеген атады
3. Шын аңшының алдына аңның өзі келеді.
4. Аң мен құс елдің сәулеті.
5. Құс жаңылып торға түсер,
Ер жаңылып қолға түсер.
6. Құсты алғанынан салғаны қызық.
Қазақстан жерінде тіршілік ететін құстарды жазып, 2 құс атауын буын түріне қарай талдау.
Дәптермен жұмыс. Дәптерлеріне жаздырту.
Құстар: тоқылдақ, бұлбұл, қаз, үйрек, қырғауыл, тырна, жапалақ, үкі, бөдене, бозторғай, шымшық, сауысқан, лашын, ителгі, ұлар, дуадақ, қарлығаш.
Буын түрлеріне қарай талдау.
Сергіту сәті.
Жеміс - жидектер.
1. Буын түрлеріне талда: АЛ-МҰРТ, ШИЕ
2. Буын түрлеріне талда: ЖҮ-ЗІМ, Ө-РІК
3. Буын түрлеріне талда: ҚҰЛ-ПЫ-НАЙ,
4. Буын түрлеріне талда: АЛ-ХО-РЫ, А-НАР
5. Буын түрлеріне тал
Страницы: << < 1 | 2 | 3 > >>