Слоги. Виды слогов. Казахский язык

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Қазақ тілі 5 сынып

Сабақтың тақырыбы: Буын. Буынның түрлері
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың буын түрлері туралы білуі, буынға бөліп үйрету; буын түрлерін жасалу жолын нақты ажырата алуы; жаттығулар мен мысалдар арқылы буынның түрлерін ажырата білуге дағдыландыру.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, баяндау, СТО элементтері, сұрақ-жауап, әңгімелеу, тест жұмысы, сөздікпен жұмыс
Сабақтың көрнекіліктері: сызба кестелер, тесттер, шарлар, ноутбук, үлестірмелі қағаздар.
Күтілетін нәтиже: Оқушылардың буын түрлерін ажырата алуы;

Үй тапсырмасын тексеру. Сұрақтар қою.
Қандай сөздер тасымалданбайды?
1. Бір буынды сөздер. Мысалы: от, кел, қарт
2. Сөздің бір әріпі келесі жолға тасымалданбайды. Мысалы: ата, аю, сия
3. А. Құнанбаев деп қысқартылып жазылған кісі атын фамилиясынан бөліп тасымалдауға болмайды.
4. Қысқартылып жазылған өлшем атауларын саннан бөліп тасымалдауға болмайды.
5. АҚШ (Америка Құрама Штаты) ,ҚР (Қазақстан Республикасы) деген қысқарған сөздер тасымалданбайды.

ІІ. Мағынаны тану
Сабақтың мақсатын түсіндіру.
Бүгінгі сабағымыздың мақсаты буындар жөнінде түсінік қалыптастыру. Буын түрлерін ажырата алуға үйрету.
Буын.
Буын дегеніміз сөз құрамындағы бір немесе бірнеше дыбыстардың тобынана жасалған фонетикалық бөлшек.
Дауысты дыбыстың бір өзі буын бола алады. Дауыссыз дыбыстар жеке тұрып буын құрай алмайды. Сөздің құрамында қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады. Қазақ тілінде буынның үш түрі бар: 1) ашық буын; 2) тұйық буын; 3) бітеу буын;
Ашық буын. Жалғыз дауыстыдан құралған немесе дауыссыздан басталып, дауыстыға аяқталған буын. Мысалы: а-ға, қа-ла, ба-ла;
Тұйық буын. Дауыстыдан басталып, дауыссызға аяқталған буын. Мысалы: ант, ет, от, аң,

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: