Тәрбие сағатының тақырыбы: Сәлем-сөздің анасы
Тәрбие сағатының мақсаты:
Оқушыларды әдептілікке баулу, амандасуды үйрету. Сыйлауды, кішіні құрметтеуді, ана тілін ардақтауды,халықты, салт-дәстүрді құрметтеуге үйрету. Оқушылардың өзін-өзі басқару дағдыларын қалыптастыру, оқушы танымын, ақыл-ойын сөйлеу мәдениеті, әдеби шығармашылық қабілетін, ізденушілік қабілеттерін дамыту. Оқушыларды имандылыққа адамгершілікке,әдептілікке тәрбиелеу
Көрнекілігі: Мақал-мәтел жазылған слайдтар, і.
Барысы:
1/ Мұғалім сөзі
Қызығушылықты ояту.
Оқушыларға сұрақ қою.
1. Сен бір жұмыспен көршіңе келдің. Есік ашқан кісіге алдымен не деу керек?
2. Ассалаумағалейкум!
Сәлеметсіз бе?
1. Сенің үйіңе қонақтар келді. Кіріп келген адамға не дер едің?
2. Саламатсыз ба? Қош келдіңіз!
Атамыз қазақ «Сәлем – сөздің анасы» деп сәлемдесуге үлкен мән берген. Сәлем- арабтың «тыныштық», «бейбітшілік» мағынасындағы «ассалам» сөзінен шыққан. Тегінде, әдеп, адамшылық амандасудан басталады. Сәлемдесудің мәні- ең алдымен бетпе-бет ұшырасқан сәттегі үнсіздікті жою, өздерінің аман-есен дидарласып тұрғанына қуану, ниеттерінің ақ, адал, таза, екенін білдіру.
Мұсылман халқында амандасу «Ассалаумағалейкүм» деген сөзден басталады. Ол «сізге Алланың нұры жаусын» деген сөз екен. Жасы кіші адам жасы үлкен адамға қос қолын ұсынып, алдымен сәлем береді. Ал сәлем алушы «Уағалейкүмассалам» деп оң қолын береді. Ол «Алланың нұры сізге де жаусын дегені екен.
Сыртта жүргенде қария не жасы үлкен кісі өтіп бара жатса, жасы кіші адам оған әдейі бұрылып барып амандасу керек. Амандасып болғаннан кейін жасы кіші адам: «Жолыңыз болсын,қария!» - дейді. Ал қария: «Сенің де жолың болсын!»- деп жауап береді.
Көріспегеніне біраз уақыт болған жолдас, құрдас, ағайын-туыстар қауышып
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>