шіпейілділікті дамыту.
3. Оқушыларға қариялар жөнінде ,олардың бізге қалдыратын баталы сөздері мен істері жөнінде мағлұмат беру.
Көрнекілігі :тәрбие сағатының тақырыбы ,дәйексөздер, кітаптар.
Барысы :
І. Ұйымдастыру бөлімі
- оқушылармен амандасу
- ҚР Мемлекеттік әнұранын орындау
ІІ. Негізгі бөлім
-Құрметті оқушылар , бүгінгі тәрбие сағатымыз Қариялар күніне
« Қариялар азайып бара жатыр »деген тақырыпта өтпек .
Жүз дейміз – ау !
Сөз болып па со – дағы !
Тек сол үшін жазбас едім оданы.
Қария ма ?
Қария ол
Қартаймас
Жас жүрек пен дана бастың одағы –
деп жерлес ақынымыз Қадыр аға жырлағандай қариялар мәңгі бақи біздің жүрегімізде жүреді. Біз оларды ұлғайған жасы үшін емес ,көпті көрген басы үшін құрмет тұтамыз.
Шал ақын айтқандай. «Өткен мен кеткенді көп жасаған қарт білер»немесе қазақта «Алпыстағы қарттан ақыл сұра» деген сөз бар. Аталы сөз – баталы сөз. Қарт адамдардың ақыл айтуға қақысы бар.
-Ал , оқушылар , айтыңдаршы қазіргі уақытта қарияларға құрмет көрсетуге өз дәрежесінде ме ? / оқушылар жауабы/
ІІІ. Қорытынды бөлім.
- Құрметті оқушылар, қарияларды тек қариялар күні еске алмайық ,әрқашан жадымызда жүрсің . Ата –ана ардақтайық , құрметтейік . Дүниенің қай шетінде жүрсеңізде ұмытпағайсыздар.
Өзгерген не ?
Адам ба ? Әлде заман ба ?
Ата – анаға деген парыз қалмаған ба,адамда,
Ей , адамдар !
Құрметтеңдер үлкенді
Одан ешкім кем болған жоқ ғаламда !- деп
бүгінгі тәрбие сағатымыз аяқталады.
Страницы: << < 2 | 3 | 4