амандасады. Олар әуелі қос қолдап амандасады, содан соң құшақтарын жайып барып бір-біріне төс қағыстырып оңға бір, солға бір кеуде түйістіріп амандасады.
Жастардың амандасу түрлері: «Сәлеметсіз бе?», «Амансыз ба?»,т. б . Адам баласы қашанда тыныш, бейбіт, басы аман, бауыры бүтін, бір-бірімен тату-тәтті сыйласып өмір сүруді армандаған. Соның негізінде сәлемдесу әдебі салынған.
Бүгінгі тәрбие сағатымыз сайыс түрінде өтеді.
Оқушыларды түстер арқылы топқа бөлу
2. Мағынаны тану
Сайыс бағдарламасы:
1. «Сәлем-сөздің басы» атты таныстыру бөлімі.
2. «Әдептілік белгісі-иіліп сәлем бергені» атты сәлемдесу жолдары.
3. «Ескірмейтін есті сөз» мақал-мәтел сайысы.
4. «Кішіпейілділік кісінің көркі» сурет сайысы.
5. Үй тапсырмасы: «Байлық пен ақыл» ертегісі
6. «Кім көп біледі?» ойыны
1. Топтардың аты:
«Сәлем сыры»
«Әдептілік»
Әр топ ортаға шығып топтарын таныстырады:
2. Сәлемдесу жолдары:
1. Қазақ елінің амандасуы
2. Әр түрлі елдің амандасу
3. Мақал- мәтел сайысы. Жалғасын табу.
1. Үлкенді сен сыйласаң,
(Кіші сені сыйлайды)
2. Әдепті елдің баласы
(Алыстан сәлем береді)
3. Сәлем беру де –парыз,
(Сәлем алу да –парыз. )
4. Алыстан алты жасар бала келсе
( Алпыс жасар қария сәлем берер. )
5. Бір күн тұзын татсаң
(Қырық күн сәлем бер. )
6. Әдепті бала-арлы бала,
(Әдепсіз бала-сорлы бала)
7. Әдепті бала ата-анасын мақтатар,
( Әдепсіз бала ата-анасын қақсатар)
8. Әдептілік белгісі- (иіліп сәлем бергені)
9. Сәлем беру бір абырой
( Сәлем алу мың абырой)
10. Әдептілік ар-ұят
(Адамдықтың белгісі)
11. Сіз деген - әдеп , (біз деген-көмек)
12 . Жақсы сөз- (жарым ырыс)
13. Кішіден –ізет,( үлкенге-парасат)
14. Әдептілік белгісі- а
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>