Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің
 технологиялық картасы
 
Топтың жас ерекшелігі: І кіші топ
Білім беру саласы: "Таным"
Бөлімі: "Экология негіздері"
Тақырыбы: "Өсімдіктерді күту". 
Мақсаты: бөлме өсімдіктерін күту ережелерімен таныстыру. 
Міндеттері:
Білімділік: бөлме өсімдіктері туралы түсінік беру, олардың жеке бөлшек атауларын дұрыс атауға үйрету. 
Дамытушылық: есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту. 
Тәрбиелік: бөлме өсімдіктерін күтуге деген қызығушылыққа, табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу. 
Құрал-жабдық: бөлме өсімдіктері: қазтамақ, фикус, су құйғыш, мақта, гүлдердің бөлшектері бейнеленген карточкалар. 
Сөздік жұмыс: өсімдік, су құйғыш. 
Қостілділік компонент: гүл-цветок. 
 Іс - әрекетінің кезеңдері
 Педагогтың іс - әрекеті
 Балалардың іс - әрекеті
 Мотивациялық-қозғаушылық
-Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырамын, ал сендер оның жауабын шешуге тырысыңдар. - Адамдардың бәрі қызығады, су құймасаң сәні бұзылады. Бұл не?
-Дұрыс, біз бүгін бөлме өсімдіктерін қалай күтуге болатыны туралы айтамыз. 
Тәрбиеші жасырған жұмбақтың шешуін табады. 
-Гүл. 
 Ұйымдастырушылық- ізденістік
-Бүгін біз бөлме өсімдіктерімен таныс боламыз. Өсімдік өмір сәні, табиғат көркі, дәрі-дәрмек. Олар біздің бөлмемізді тек әдемі етіп көрік бере қоймай, бөлменің, үйдің ауасын тазартады. Бізге қуаныш сыйлайды, көңіліміз көтеріңкі болады екен. Олардың көптеген түрлері болады. 
-Мынау қазтамақ. Ол бөлме өсімдігі. 
-Мынау фикус. Жапырағы жасыл, көлемі үлкен. Ол бөлме ауасын жақсы тазартады. 
Гүлдердің тамыры, сабағы, жапырағы, гүлі болады. (тәрбиеші көрсетеді)
-Балалар біз тамак ішсек, күшіміз көп болады, бойымыз өседі. Сол сияқты өсімдік
		Страницы: 1 | 2 | 3 > >>
