Өсімдіктер-тірі ағзалар

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Сопыханова Г ульнара Тиыштыкбаевна
Бастауыш сынып мұғалімі
Балқаш қаласы
"Жалпы білім беретін 5 орта мектеп" КММ
Пән:жаратылыстану
Мектеп:
Күні:
Мұғалімнің аты-жөн
Сынып:1
Қатысқандар:
Қатыспағандар:-
Сабақ тақырыбы:
Өсімдіктер-тірі ағзалар
Сабақтың мақсаты
1. 2. 1. 1 өсімдіктердің негізгі сипаттамаларын және олардың өмірлік формаларын анықтау;
1. 1. 2. 1 қоршаған әлем құбылыстарына бақылау жүргізу;
Бағалау критерийлері
Барлық оқушылар:
Өсімдіктердің негізгі сипаттамалары мен олардың тіршілік формаларын анықтайды;
Көптеген оқушылар:
Қоршаған ортадағы құбылыстарға бақылау жасайды;
Кейбір оқушылар:
Жаңа сабақта алған білімдерін өмірде қолданады
Тірек сөздер
жанды табиғат, жансыз табиғат, өсімдік, нысан.
Ресурстар
Бөлме өсімдіктері, жанды және жансыз заттардың суреттері
Күтілетін нәтижелер
Оқушылар:
- Оқушылар табиғаттағы жанды және жансыз заттарды ажырата алады;
- Өсімдіктердің тірі ағза ретіндегі негізгі ерекшеліктерін табады. Олардың өсетінін, қоректенетінін, тыныс алатынын және көбейетінін біледі;
- Зерттеу жұмысы барысында оқушылар бақылау, сараптау, қорытындылау дағдыларын жетілдіре түседі.
Сабаққа байланысты деректі материалдар
Сабаққа қатысты ескертпелер
Табиғатта тірі ағзалар мен жансыз заттар болады. Кейбір денелер бұрын тірі ағзалардың қатарында болған. Мысалы, өсімдіктерден, жануарлардың сүйектерінен жасалған әртүрлі заттар және азық-түліктер. Тірі ағзалар жансыз заттардан бірнеше белгілермен ерекшеленеді: олар өсуге, зат алмасуға (қоректену, тыныс алу), кюбеюге (ұрпақ қалдыру), қозғалуға және т. б. қабілетті. Сонымен қатар жанды ағзалардың ерекшеліктерінің бірі- тітіркенгіштік (ағзаның сыртқы әсерге жауа

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: