п беру) реакциясы.
Жанды және жансыз табиғат
Суреттерден нелерді көріп тұрсың? Олардың қайсысы жанды табиғатқа жатады? Қайсысы жансыз табиғатқа жатады? Ал қайсысы бұрын тірі а Есте сақта!
Өсімдіктер -- тірі ағзалар. Олар өседі, қоректенеді, - тыныс алады, көбейеді. Жансыз табиғат нысандары өспейді, - қоректенбейді, тыныс алмайды және көбеймейді.
ғзаның бөлігі болған?
Кіріспе тапсырма.
Оқулықтың кіріспе мәтінін оқу. Қате жібермеу үшін оқушылардың назарын "жанды" және "жансыз" ұғымдарының анықтамасына аудару.
Тас пен өсімдік
Тас пен өсімдікті салыстыр. Нені байқадың? Өсімдіктердің тірі ағза екенін қалай білуге болады?
Зерттейік
Айналаңа қара. Қандай жанды табиғат нысандарын көріп тұрсың?
Зерттейік
Тапсырмаларды орындағаннан кейін шағын тәжірибе жүргізу. Оқушылардан үш жанды және жансыз затты табуды сұрау. Оқушылар жанды және жансыз заттардың суреттерін салады.
Пәнаралық байланыс
Дүниетану. Адамның әртүрлі тұрмыстық заттарды жасауы мен өмірде пайдалануын талқылау адамның айналадағы әлемге қалай бейімделетінін көрсетеді.
Қосымша тапсырмалар
Кейбір оқушыларға алдын ала дайындалып қойған екі өсімдікті ұсынуға болады. Оның бірі үнемі суарылған, екіншісі суарылмаған болсын. Оқушылар өсімдіктердің суреттерін салып, ұқсастықтары мен ерекшеліктерін таба алады.
Бағалау
- Оқушылар жанды және жансыз заттарды ажырата алулары тиіс.
Жанды-жансыз
Оқушылар суреттерде салынған жанды ағзалар мен жансыз заттарды ажырата алады.
- Оқушылар бақылау, сараптау, дағдыларын жетілдіреді.
Жауабы
Жанды: ағаш, ит, гүл, қоңыз, құс.
Жансыз: сағат, тас, су, үстел, асықтар, домбыра, құс қауырсыны.
Қорытынды бағамдау
Қандай екі нәрсе та
Страницы: << < 1 | 2 | 3 > >>