/> Деміңді ішке тез ал да,
Сол қолыңды соз алға,
Қол ұшына қара да,
Үшбұрыш сыз ауада
Оң қолда бос тұрмасын,
Дөңгелек сызып зырласын
Екі қолды қосайық
Төртбұрышты сызайық
Логикалық тапсырмалар: Класқа кірді Мадияр
Оған қоса Данияр
Одан кейін Айдана
Қанша болды бар бала?
III апта
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
Балаларды түгендеу, оқу құралдарын жинақтау, ой қозғау (көрнекіліктер арқылы)
Шаттық шеңбер: Қуан, шаттан алақай,
Қуанатын күн бүгін.
Қайырлы таң, қайырлы күн!
Қызықты өтсін бүгінгі күн!
Тапсырма: Альбом парақта бейнеленген суреттерге қарап пішіндерді құрастыру.
IY. Сергіту сәті: Оң қолымда бес саусақ,
Сол қолымда бес саусақ
Бесті беске қосқанда
Болып шықты он саусақ
IY апта
I. Ұйымдастыру кезеңі:
Балаларды түгендеу, оқу құралдарын жинақтау, ой қозғау (көрнекіліктер арқылы).
Шаттық шеңбер: Кеудемізде күн күлсін,
Бізге шуақ нұр, құйсын,
Мейірімді жан өзіңмен,
Көңілім жайнап құлпырсын
-Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш! Күлкімізбен, жақсылықпен бөлісуді үйренейік!
Біздің күлкіміз көңілді ( қолдарын еріндерінің шетіне жақындатады)
Жеткізсін жылу мен шаттықты ( қолдарын жүректерінің тұсына қояды)
Бөліскен жақсы ғой өмірде, ( қолдарын алға созады, саусақтары күн сияқты)
Қуаныш, Мейірім, Бақытты! ( қолдарын екі жаққа созады)
IY. Сергіту сәті: Орнымыздан тұрайық,
Алақанды ұрайық
Оңға қарай бұрылып,
Солға қарай бұрылып,
Бір отырып, бір тұрып
Бой сергітіп алайық.
Тапсырма: Нені құрастырдың? (Геометриялық пішіндерден өздерінің қалаған заттарын құрастыру)
Страницы: << < 3 | 4 | 5 | 6 > >>