е биік болып, жапырақтары қалың, жемістері көп болып өседі, бірақ салмағына сынып кетпей бұтақтары сәл майысып қана тұрады.
Тозаңдану. Қабақша жасуынығы өзгеріп, су мен газ ішке қарай өте алмай, цитоплазма кеуіп кетеді. Жабын ұлпалар тозданған өлі жасушалардан тұрады. Сондықтан зиянды микроағзамен зақымданбайды және өсімдікті қурап қалудан сақтайды. Түрлі тығындар қабықшасы тозанданған өлі жасушалардан жасалады.
Өңездену (кутикулану). Қабықшаның сыртқы қабатына май тәрізді заттар көбірек сіңетіндіктен су мен газ ішке қарай өте алмайды. Орамжапырақ, алхоры, жүзім, алма жемістерінің сыртын балауызды ақшыл өңез қаптайды, қолмен сүртсе тез кетеді. Өңез өсімдікті сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларынан қорғайды.
Сілемейлену. Жасуынықтың өзгеруінен жасуша қабықшасына су тигенде ісініп көлемін ұлғайтады. Ол әсіресе, зығыр, қарбыз тұқымдарын суға жібіткенде байқалады. Жібітілген тұқымдарды қолға ұстағанда созылмалы шұбатылған сілемейлі зат бөлінгені сезіледі.
Минералдану. Қабықшаға кремний, көмірқышқыл кальций, т. б. минералды тұздар көп жиналғандықтан кейбір өсімдіктердің (қамыс, қырықбуын) жапырақтары, сабақтары мен бидай, арпа, сұлы масақтарының ұзын қылтанақтары қатайып өте берік болады. Тіпті қамыс жапырағы жиегінің өткірлігі пышақтың жүзіндей қолды кесіп кетеді. Минералданудың өсімдік тіршілігі үшін пайдасы зор, көбінесе малға жем болудан қорғайды. Ол қоршаған орта жағдайына бейімделудің бір түрі болып есептеледі. Тек өсімдік жасушасында ғана болатын жасуынықты қалың қабықша өсімдіктің сыртқы «қаңқасы» болумен қатар өте нәзік мүшелеріне беріктік, қаттылық, серпімділік, майысқыштық қасиет беріп, қоршаған ортаның қолайсыз жағдайларынан қорғайды.
Цитоплазма– құрамында 60-90 су, 10-20 нәруыз, 2-3 май, көмірсулар, иондар, 1 минералды қосылыстары бар мөлд
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 | 5 > >>