Өсімдік жасушасының құрылысы

Страницы: <<  <  3 | 4 | 5 | 6 | 7  >  >>

бебі жасуша вакуольі ұлғайып көп орын алып жатады. Ядроның сыртын екі қабат қабықша қаптайды. Сыртқы қабықшада көптеген саңылаулар арқылы цитоплазмадаға эндплазмалық тормен тығыз байланысады, ішін ядро шырыны (кариоплазма немесе нуклеоплазма), хроматин жіпшелері мен ядрошық толтырып тұрады. Ядроның құрамында нуклеин қышқылдары, нәруыз, минералды заттардың иондары, май заттары бар. Ядро ағзаның белгілерін анықтайтын тұқым қуалау орталығы, көбеюге қатысады. Ол жасушада болатын барлық процестің орталығы болып табылады.
Пластидтертек өсімдіктерге ғана тән, бірақ ол өсімдіктердің ішінде саңырауқұлақ, бактерия, көк-жасыл балдырлардың жасушаларында кездеспейді. Қалған жасыл өсімдіктердің жасушаларының цитоплазмасында шашырап жатады. Бір жасушалыларда олардың саны 1-ден 10-ған болады. Цитоплазмаға қарағанда тығыз болғандықтан жарық микроскобының көмегімен ғана көрінеді.
Пластидтер 3-ке бөлінеді: 1)хлоропластар (жасыл түсті); 2)хромопластар(сары, қызғылт-сары, қызыл түсті); 3)лейкопластар (түссіз). Балдырлардың жасушасындағы пластидтерді хромотофор дейді, олардың пішіндері таспа, таяқша, таға, тостаған тәрізді.
Хлоропластар(грекше – «хлорос» жасыл) жасыл өсімдіктердің жасушаларында кездеседі, пішіні сопақша, сыртын қос жарғақша қаптайды, ішкі жағынан стромасы (негізі) бірінің үстіне бірін қалаған, тиын тәрізді орналасқан. Ішіндегі хлорофилл дәндері белгілі ретпен текшеленеді. Жасыл пигмент – хлорофилл басым болғандықтан өсімдікке жасыл түс береді. Хлорофилл өсімдіктерде темір, магний элементтерінің қатысуымен тек жарықта ғана түзіледі. Қараңғыда өсірілген өсімдіктер хлорофиллдің түзілуімен түссіз болады. Егер оны жарық жерге шығарса біртіндеп түске енеді. Жасыл пигмент – хлорофиллді өсімдіктен алғаш ет француз ғалымы Ж. Пельтье мен И. Каванту 1818 жылы бөліп алған

Страницы: <<  <  3 | 4 | 5 | 6 | 7  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: