Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің
технологиялық картасы
Тақырыбы: "Ұшқыштар"
Мақсаты: балалардың ұшқыш туралы білімдерін толықтыру.
Міндеттері:
Білімділік: тақтайша бойы тепе-теңдікті ұстап жүруді қалыптастыру.
Дамытушылық: шапшаңдықты, дәлдеп лақтыруды, икемділікті дамыту.
Тәрбиелік: спорттық жаттығуларға қызығушылыққа, денешынықтыруға деген сүйіспеншілікке тәрбилеу.
Құрал-жабдық: қағаз ұшақтар, тақтайша, кеглилер.
Сөздік жұмыс: әуежай, ұшқыш.
Қостілділік компонент: ұшқыш-летчик, ұшақ-самолет.
Іс - әрекетінің кезеңдері
Педагогтың іс - әрекеті
Балалардың іс - әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық
-Бүгін мен сендерге ұшқыштар болып ойнауды ұсынамын. -Ұшқыштар деген кім?
-Дұрыс, олар ұшақты басқаратын адамдар.
Ұшқыш болып ойнайтындарына қуанады.
-Ұшақты басқаратын адам.
Ұйымдастырушылық- ізденістік
-Ең алдымен ұшуға дайын тұратын ұшақтардың тұрағы әуежайға бару керек. Ол үшін біз қолдарымызды шапалақтаймыз
- Хлоп-хлоп-хлоп,
Аяғымызды топылдатамыз
- Топ-топ-топ,
Қолымызды бәріміз көтереміз,
Содан кейін түсіреміз.
Сиқырлы ұшаққа отырдық
Мотор от алды - Ж- ж- ж, ж-ж-ж
Ұшақ ұшты, ал мотор гуілдейді
- У-у-у, у-у-у
Ұштық.
Тәрбиеші тоқтауға белгі береді.
1. Негізгі бөлім:
Гимнастика : "Ұшақтар"
Ұшақтар гулей бастады.
Ұшақтар ұшты.
Алаңқайға қонды.
Тағы да ұшты.
2. (балаларға әуежайға қайту керек. )
- белгілі бір жазықтықта жүру ( тақтайша 30 см);
- затты айналып, жүру. (жылан қимылы).
Мінеки, ұшақтарымызға жеттік.
Енді ұшуға да болады.
3. Қимылды ойын "Ұшақ, ұш!"
Бала саны бойынша алдын ала дайындалғ
Страницы: 1 | 2 > >>