"Өзін - өзі тану" пәні сабағының жоспары
Мектеп: "5 жалпы білім беру орта мектебі" КММ
Сыныбы: 6 "Ғ" Оқушылар саны: 23
Мерзімі: 07. 04. 2017 ж Мұғалім: Джолова М.
Сабақтың тақырыбы: "Шындық шыңы - ақиқат"
Құңдылық: Ақиқат
Қасиеттер: шыншылдық, өз - өзіне адал болу, жақсыдан жаманды ажырата білу
Сабақ мақсаты: "шындық", " ақиқат" құндылығының мәнін ашу;
Міндеттері:
1. Білімділігі: адами қарым қатынастағы бүкпесіз шынайылық , қоршаған ортадағы шындық пен ақиқат туралы түсінік беру :
2. Дамытушылығы: оқушылардың шындықты жасырмай айта алу , өтірік пен шындықтың ара - жігін дұрыс ажырата білу біліктіктерін дамытуға ықпал ету ;
3. Тәрбиелігі: оқушыларды шындыққа , адалдыққа , шынайылыққа тәрбиелеу .
Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер)
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушыларды 4 топқа бөлу (түрлі түсті қағаздар арқылы)
5- Т ережесін қолдану
Тыныштық сәті
"Су асты патшалығына ойша саяхат" Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ - қолыңызды айқастырмаңыз, қолыңызды тізеге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмыңыздар.
Мұғалім: Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет терең тыныстаңыз; денеңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.
Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қа
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>