КММ "Чистопол орта мектебінің" бастауыш сынып мұғалімі Куракбаева Асем Азимовнаның шығармашылық есебі.
Мен Куракбаева Асем Азимовна бастауыш сыныптар мұғалімі. . Білімім жоғары. 2004 жылы Қостанай мемлекеттік академиясын аяқтадым. Мамандығым бойынша бастауыш сыныптарда еңбек етудемін. Еңбек өтілімім 23 жыл. 2011 жылы бірінші санатты ұстаз дәрежесін алдым. Мұғалімінң ұстанымы - оның көзқарасы, қабылдаған шешімінің және іс - әрекетінің негізі. Үнемі шәкірттерімен қарым-қатынаста болып, білсем, үйренсем деген бала арманы мен оның сырлы тағдырын басшылық етуді мойнына алған маманмын. Әр сабақта оқушыларға оқу үдерісінің барлық аспектілеріне белсенді қатысуын талап етемін. Әр сабақ барысында өздері сұрақтар құрастырады, бір-біріне кеңес береді, өз алдарына мақсат қоюға үйретемін. Мұғалім оқушыларда Чиксентмихаи (2008) "өзіндік мақсат" деп атайтын және Райан мен Деки (2009) "ішкі уәж" деп атайтын қассиеттердің болуына жағдай жасауға тырысуға тиіспіз. Басқаша айтқанда, оқушылар өзін-өзі ынталандыра алады және осыған орай ұмтылыс пен қызығушылық пайда болады. Әр мұғалім оқушылардың не білетінін және нені жасай алатынын, қызығушылықтарын, әр оқушы нені жақсы көретінін және не істегісі келетінін түсінуге тырысу қажет. Сондықтан да өзіме мамандық бойынша жұмыс жасаған ұнайды. Жоспарланған түрде өз білімімді шыңдап отыруға тырысамын. Педагогикалық тәжірибемді жетілдіру мақсатында 2014 жылы Қазақстан Республикасы педагог кадрларының біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламалары аясында үшінші(базалық) деңгей бағдарламасын оқып, куәлік пен сертификатқа ие болдым. Курстан алған жаңашылдығым топпен жұмыс жасай отырып, 7 модульді ықпалдастыра отырып сабақ жоспарлау. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын арттыра отырып сапалы білім беру. "Ме
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>