Шоқтығы биік – Аяз би

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Шоқтығы биік - Аяз би

Омарғазы Айгүл Мәшенқызы
Қазақ мәдениетінде көнеден келе жатқан идея - жанның мәңгілігі. Адамның тіршілік ету мағынасы жанның мәңгілігімен айқындалады. Әлем мен адамға бағыт беретін жол көрсетуші , мәңгілік пен шексіздік кепілі - Нұр. Оған адамның жай ақылы жетпейді , оны ой , рух , зерде көзімен қабылдау керек . Әлем мен Нұр ұғымдары қазақтың төл мәдениетінде , Дүние - біртұтас , адаммен іштей қосылғандығын түсіну арқылы нақтыланады .
Көшпелі мәденеті ғаламат Әлемнің ішінде өз орнын таба білген . Ол өзінің рухымен , табиғатпен шынайы жақын екендігін сезінген. Яғни , ғарышқа қарай самғауға ұмтылу , жеке адамды ғана емес , бүкіл елді "пассионарийлерге" айналдырған . /Л. Гумилев/. Олай болса , шексіздікке таңырқау , зердемен зерделеу көшпенді бағдаршамы.
Адамға керекті нәрсе , Құдайға деген сенімі "Алланы тану" . Алланы танудың басты құралы - білім . Білім арқылы - Алла танылады , біліммен құт та келеді. Құт жолды пайғамбар адамға : "Ғылымды Шыңда /Қытайда/ болса да іздеп тап" ,-деген . Ол жолды танытатын білім /білік/ адамның жеке басына да пайдалы.
"Пайда" бүгінгі пендешілік күнкөріс қамы , ақша емес. Өзін-өзі тану , болмысты түсіну . Адамдарды ақиқатқа жеткізетін ғылыми құралдардың ең бастысы - тәжірибе. Адам денесін жандандырып тұрған екі күш рухани әлемнен келген "рух" пен табиғаты материалды заттан құралған нәпсі . Адамның мақсаты - өзінің жауы нәпсі мен шайтанды танып , оларға қарсы күресу. Ал , досы періштеден көмек алып , жүрегін , жанын , тәнін кірлетпей рухтың ең жоғарғы эволюциялық 7 сатысына жаһанға жету. /50. 33. 34/
"Әулие" деген сөз Құран тілінде Құдайдың "достары" деген мағына береді. О, баста Алла Тағала адамды әулие болу үші

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: