Сыныбы: 8 сынып
Сабақтың тақырыбы: Қазақтың ұлы ғалымы Ш. Уалиханов
Сабақтың мақсаты :
Білімділік: Шоқан Уалиханов өмірі мен өскен ортасы, ізденушілік жолы, ғалымдардың ой пікірі, естеліктері, ғылыми еңбектері туралы түсінік беру
Дамытушылық: танымдық қабілетін дамыту, тапқырлық, ізденпаздық қасиеттерге жетелеу, шығармашылық қабілетін, қызығушылғын арттыру;
Тәрбиелік: ұлы ғалымның еңбектерін оқи отыра ұлттық салт – дәстүрімізді сақтауға , өнерді құрметтеуге , ізгі қасиеттерді бойымызға сіңірген ізденімпаз тұлға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас
Сабақтың әдісі: Сұрақ –жауап , түсіндіру, саяхат жасау, «эстафета» ойыны , Блум таксономиясы, венн диаграмма,топтастыру.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд, буклет, Қазақстанның картасы, үлестірме қағаздар, суреттер.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасып, түгелдеп, сабаққа даярлау. Сынып оқушыларын екі топқа бөлемін.
І топ. саяхатшылар
ІІ топ. тарихшылар
ІІ Үй тапсырмасын тексеру.
«Эстафета» оқыта үйрету ойыны арқылы үйге берілген тапсырма сұралады . Шарты : екі топқа бөлінген сынып оқушыларына сұрақтар жазылған парақша беріледі. Оқушылар бірінен- бірі жылжытып отырып сұрақтарға жауап береді. Қай топ сұраққа толық, түгел жауап бергені анықталып, өзім толықтырып өтемін.
ІІІ. Жаңа сабақ
Кубизм тәсілі арқылы жүзеге асырылады.
1. Біліңіз Ғалым өмір сүрген дәуірі, өскен
ортасы, ғылыми еңбектері, орыс
достары, саяхаттары туралы
баяндау
Қазақтың ұлы ғалымы , ағартушы, шығыстанушы , тарихшы, этнограф, этнолог, географ, фольклортанушы, суретші Шоқан Шыңғысұлы Уалиханов 1835 жылы қазіргі Қостанай облысы аумағындағы Сарыкөл ауданы, Күнтимес қыстауында дүниеге келген. Ол - қазақтың соңғы ханы
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>