Уәлидің немересі және Орта жүз қазақтарының Ресейге қосылуы орын алған кезде билік құрған Абылай ханның шөбересі. Өз әкесі Шыңғыс аға сұлтан ретінде Аманқарағай округін билеген. Кейбір деректерде Шоқан қазақ даласында, Құсмұрын (Тобыл губерниясы, Петропавлдан оңтүстік-батысқа қарай) мекенінде туған. Оның азан шақырылап қойған есімі - Мұхаммед-Ханафия. Мұхаммед куйеу баласы хазірет Әлидің ең батыр ұлының құрметіне әрі «Болашақтың Мұхаммед-Ханафиясы болар ма екен?» деген тілекпен Қалқай ишан балаға осы атты қойған. Бірақ анасы Зейнептің оған тілі келмей «Қанаш» деп, ал былайғы жұрт «Шоқан» деп атаған. Ол бала кезінде өте бұзық, сотқар болған екен. Әке – шешесі сырт пішіні, ашуланғандағы көз қарасы бабасы Абылайға тартқандықтан бетінен қақпай өсіреді. Кішкентай кезінде мұсылманша хат танып әкесі салдырған бастауыш мектепте білім алады. Шағатай тілінде білім алған Шоқан парсы, араб тілдерін де жетік меңгереді. Ол 1847-1853 жылдары кезінде өз әкесі білім алған, қырқыншы жылдары казак әскери училищесінен кадет корпусы болып өзгертілген Омбы кадет корпусында оқыды. Оның рухани өсуіне орыс тілі мен әдебиетінің мұғалімі, парсы тілдерін білетін Н. Костылецкий, өркениет тарих пәнінен сабақ берген поляк оқымыстысы Г. Гонсевский, тарихшы Е. Сулоцкий, географ Е. Старков секілді тұлғалар елеулі ықпал етті. Кадет корпусында бірге оқыған досы және үлкен этнограф-ғалым болған Г. Н. Потанин: «Өзінің орыс жолдастарын басып озып, Шоқан тез жетілді. Оған талайлар – ақ назар аударды. Ол сондай қабілетті еді және оқу орнына түспей тұрып – ақ сурет сала білетін. . . . Жалпы жолдастарына соның ішінде маған, ол «Еуропаға ашқан терезе» , -дейді.
1852 жылы Костылецкийдің көмегімен шығыс зерттеушісі, Петербург Университетінің профессоры И. Н. Березинмен танысады. 1853 жылы 18 жасында бітірген
Страницы: << < 1 | 2 | 3 > >>