Шәкәрім Құдайбердіұлы. Мәнді сөздер

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>

басқа адамдарды аң есебінде атып, әлсізді құлданып, жердің бетін адам қанымен бояғаннан басқа бітіргені шамалы. Бұған ең өнерлі, білімдіге саналатын Англия, Америка елдерін қараңыз. Бай мен кедейді теңеу, байдың малын кедейге бөліп беру - кедейді еріншектік, еңбексіз мал табуға дағдыландырып жіберетін жол. "Тәрбие-мен түзеуге болады" десе: менің ержеткен төрт ұлым болды. Бұлардың бәрі бір шешеден, бір әкеден туған, өскен жері, ішкен тамағы, өскен ортасы, алған тәрбиесі - бір. Бірақ біреуі шыдамды, біреуі шыдамсыз, біреуі еңбекке құмар, біреуі жалқау, біреуі мейірімді, біреуі қатал, біреуі ашуланшақ.
Ақырында, "өмір - тіршіліктің таласы, сондықтан адам таласып, бірін-бірі қыруға жаралған" деген ой негізсіз, өйткені барлық зат, оның ішінде адам жаратылыстағыдан өзгеретіні сөзсіз. Ары бар, ақылы бар, мейірімі бар, махаббаты бар адамның бірін-бірі жеп, талап, қырып өсуі мүмкін емес.
Бізше, адам өмірін түзеуге, барлық адамдар тату тұруға негізгісі - адал еңбек, ақ жүрек, арлы ақыл болуға керек. Дүниеде бұл үшеуі үстем болмай, адам баласына тыныштық өмір сүруге мүмкіндік жоқ.
Әрине, адам оқып, біліп үйренуі қажет. Білімсіз, ғылымсыз өнер табылмайды. Сол алған білім-өнерлерін адал еңбекпен жаратылыстың мол байлығын пайдалануға салса, табылмайтын нәрсе жоқ. Сол тапқан байлықты барша адам баласының керегіне, пайдасына жарату керек.
Ақ жүректің керектігі - мейірімділік, махаббат, қайырымдылық, адалдық ақ жүректен шығады.
Ал, арлы, ақылды адам қиянатты, зорлықты, өзімшілдікті, мақтанды білмейді және істемейді.
Осы үшеуінің басы қосылса, адам жақсы өмір сүріп, бірімен бірі тату тұруында сөз жоқ. Бірақ осы айтылғандарға қарсы, жолдан қосылған, адамның бойында біржола сіңісіп, біте қайнасып қалған күшті, зиянды жау нәрселер, әде

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: