Шәкәрім Құдайбердіұлы. Мәнді сөздер

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>

ы - бір. Екінші, сол қиял болмайтын нәрсе деп отырғанымыз - ұлғайтылып, өзгертіліп, ауыстырылып айтылған болашақ болуы мүмкін. Неге десеңіз, бұрын фантазия, қиял деп жүрген ойлар бүгін мүмкін дағдылы іс екенін танып, құтыла аламыз ба? Әрине, қиялдың да шегі бар. Менше, айтқалы отырған ойым болмайтын қиял емес, болуға мүмкін.
Адам өмірін қалай түзеуге болады? Адам қайткенде тату тұра алады? Ойлы, саналы адамдардың ғасырлар бойы миын тыншытпай, өмірін сарп еткен, әлі де сан адамдардың арын қозғап, ойларын тыншытпайтын осы сұрақтар. "Адам өмірін түзейміз" деп сан ғалымдар түрлі ойлар айтып, ол ойларын халыққа таратып, том-том кітаптар жазды. Солардың ойларының мен білетін бастылары: біреулер "адам өмірі жаратқан иесін танумен түзеледі" десе, кейбіреулері "үкімет жойылса, әркім өз бетімен өмір сүрсе - түзеледі" деді. Ал, біреулер "оқу біліммен, халықты ағартумен адам өмірі түзеледі" деді. Біреулері "бай, кедейді теңеумен түзеледі" десе, біреулері "тәрбиемен түзеуге болады" деді. "Өмірдің өзі - тіршілік таласы. Сондықтан адам өмірін жаратылыстың өзі солай жаратқан, бірін-бірі жеп, талап, таласып өмір сүрмек" дегендер де болған.
Біздіңше, бұларды жекедей алғанда ешқайсысы да адам өмірін түзей алмайды.
"Адам өзі жаратқан иесін танумен түзеледі" десе, жарат-қан иесін танып күнде бес уақыт намазын оқып, Құранды қақпан қып, елді алдап жүретін молда-сопылардың қылықтарын ойлап қараңыз. Үкімет жойылса, адам бет-бетімен кетсе, біреу-біреуге жәрдем етпесе, азулы айуандар жекелеген адамдарды жей берсе, қайтіп өмір сүрмек? Оқу, білім үйренген адам түрлі өнерді білетіні рас. Бірақ ол өнер-білімді қандай іске жұмсайды. Мен көрген адамдар үйренген ғылыммен түрлі қару жасап, улы газдар тауып,

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: