Тақырыбы: Шәкәрім Құдайбердіұлы "Қалқаман - Мамыр" поэмасын талдау. 
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік:Шәкәрім шығармашылығымен таныстыру. Поэманың мазмұны негізінде Қалқаман-Мамыр бейнесін ашу. Қалқаман,Көкенай әрекетіне екі түрлі баға беру. Поэманы талдау. Мәтінге сүйене отырып нақты дәлелдер арқылы түсіндіру. 
2. Дамытушылық: Поэманың композициялық сюжетін дамуын жанарлық сипатын, көркемдігін талдауды сұрақ - тапсырмалар ұсыну арқылы оқушыларды топтық және өз бетімен жұмыс істеуге дағдыландыру. Ойын жүйелі хабарлай білуіне жіті көңіл бөлу. 
3. Тәрбиелік:Ұлтымыздың ұлы адамдарының еліне еткен еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу , ақынның әндері өлеңдері арқылы өнерді түсінуге, сүйсінуге тәрбиелеу. 
Сабақтың типі: бекіту сабағы
Сабақтың түрі: ашық сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: мәтінмен жұмыс,пікірталас,сұрақ-жауап,мазмұндау, топтық жұмыс, жекелей жұмыс,талдау, топтастыру стратегиясы. 
Пәнаралық байланыс: тарих
Көрнекіліктер: ақын портреті,тақта,интерактивтік тақта,слайд,кітап
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру бөлімі . Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын тексеру, топқа бөлу,өткен сабақта берілген материалдарды сұрау, бекіту. 
Сабақтың жоспары. 
2. Үй тапсырмасын тексеру. Ұлы Абайдың ізбасар інісі. 
3. "Қалқаман - Мамыр" тарихи хикая ( мазмұндау, талдау, жинақтау). 
а) Шығарманың композициялық құрылыммен танысу 
ә) Шығармаға аннотациялық талдау жасау. 
б) Шығармадағы басты кейіпкерлерге мінездеме беру
в) әдеби - теориялық ұғымдармен жұмыс жүргізу. 
г) дебат
І- кезең. 
Мұғалімнің кіріспе сөзі. 
1. Оқушыларға сұрақтар қою арқылы Шәкәрім туралы өздігінен оқып келген білімдерін 
тексеру
Сұрақ: Балалар, қазақ әдебиеті тарихында Абайдан кейінгі тұлғалы ақын а
		Страницы: 1 | 2 | 3 > >>
