Шәкәрім Құдайбердіұлы "Қалқаман-Мамыр" поэмасы

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>

танған Шәкәрім
туралы кім не біледі?
Жауап: Шәкәрім 1858 жылы Шыңғыстау бөктерінде дүниеге келген. Ол Абайдың ағасы
Құдайбердінің баласы. Әкесі Құдайберді ерте қайтыс болады . Жетім қалған Шәкәрімді
ағасы Абай тәрбиелеп өсіреді.
Мұғалім: Дұрыс. Шәкәрімнің өмір дерегі туралы тағы кім толықтырады?
Жауабы: Шәкәрім жеті жасқа келгенде әкесі Құдайберді қайтыс болады. Әке өліміне ол
қатты қайғырады. Өзінің тұңғыш өлеңін осы әкесі қайтыс болғанда шығарады.
Мұғалім: Өте дұрыс айттың. Белгілі ғалым Қайым Мұхамедхановтың сөзімен айтсақ: Ұлы
ақын дүниеден қайтқан соң халық Шәкәрімді екінші Абайымыз деп танып, ерекше
құрметтеген. Бұл пікір Шәкәрімдей дарынға халық тарапынан берілген әділ баға. Абай да
дананың ақындық дәстүрін заңды түрде жемісті жалғастырған ол өзі өмір сүрген күрделі
кезеңнің ащы шындығын өз туындыларында тап басып суреттей білді. Сол шығарманың
бірі өздеріңнің мазмұнымен танысып келіп отырған Қалмақан - Мамыр дастаны.
Мұғалім: Балалар, үйде мазмұнымен танысып келіңдер. Енді жырдағы басты оқиғаларға
назар аударып, мазмұндап көрейік.
Жауап: Бұл поэманы ақын тарихи хикая деп атаған. Өйткені дастанның оқиғасы ақтабан
шұбырынды заманында өтеді. Поэманың алғашқы шумақтарында Әнет баба, Мәмбетей,
Қалқаман, Мамыр есімдері аталып таныстырылады.
Мұғалім: Әнет баба, Мәмбетейлерді ақын кім деп таныстырады, олардың Қалқаман мен
Мамырға қандай туысқандық қатысы бар
Жауабы: " Әнет баба арғынның ел ағасы, әрі би, әрі молда, ғұламасы. Орта жүзге әділ
екен, сол кезде тоқсан беске келген жасы" деп Әнет бабаны таныстырады. Ал Мәмбетей
мен Кішік ағайынды бірге туған адамдар, Кішіктен Әнет, Әйтеке тарайды. Ал
Мәмбетейден Мамырдың әкесі туады. Әйтекеден Олжай,

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: