Шұбар тауық

Страницы: <<  <  15 | 16 | 17 | 18 | 19  >  >>

аңқау қоянның үйшігіне кіріп алып, ақыры оны үйінен қуып шығады Түлкі: Шық үйден енді бұл менің үйім. Автор: Қоян жылап келе жатып, итке кезігеді. Ит: -Қоян, қоян! Неге жылап отырсың? Қоян: -Қалай жыламаймын? Түлкі менің жылы үйімді тартып алды. Енді міне, баспанасыз тентіреп жүргенім. . . Ит: -Жылама! Мен ол айлакерді қазір-ақ қуып шығамын. Автор: Ит жиналып, қоянның үйіне келеді. Ит: -Аф, аф, аф! Әй, түлкі, шық қане! Босат, қоянның баспанасын! Түлкі: - Мен далаға шықсам, сендерге жақсы болмайды ғой ! Барлығыңды быт-шыт қыламын! Автор: Иттің үрейі ұшып кетті. Басы аманда қашып құтылуды ойлап, тайып тұрады. "Үйі жоқтың - күйі жоқ" деген. Қоян қаңғи-қаңғи шаршап, тағыда жылай бастайды. Алдынан аю шығады. Аю: -Қоян-ау, не болды. Сонша неге жылайсың? Қоян: -Жыламаған да қайтемін? Түлкі менің жылы үйімді тартып алды. Аю: -Жылама! Мен оны қуып шығамын. Қоян: -Жоқ! Қуып шыға алмайсың. Итте қуып шыға алмады. Аю: -Көресің, қуып шығамын. Автор: Аю үйшіктің алдына келіп, ақырады. Аю: -Түлкі, шық! Босат қоянның үйін! Түлкі: -Шықпаймын. Шықсам саған жаман болады. Быт-шытыңды шығарамын! Автор: Аюдың үрейі ұшып кетті. Басы аманда қашып құтылуды ойлады. Амалы құрыған қоян тағыда жылай бастады. Қараса, жанынан алтын айдарлы әтеш өтіп барады. Қолында күмістей жарқыраған шалғысы бар. Әтеш: -Қоян, қоян! Неге жылап отырсың? Қоян: -Жыламай қайтейін? Түлкі менің жылы үйімді тартып алды. Әтеш: -Жылама! Мен оны қазір қуып шығамын! Қоян: -Жо-жоқ! Қуып шыға алмайсың! Итте қуды, қуа алмады. Аю қуды, қуа алмады. Сенде қуа алмайсың! Әтеш: -Жүр, көрерсің! Қуамын! Автор: Екеуі үйшік жанына келеді. Әтеш қатты дауыстап өлең айта бастады. Әтеш: -Шөп шабамын, шөп шабамын! Түлкіні іздеп табамын. Қоянның үйінен шықпаса, оны да шалғынша шабамын! Автор:
Түлкі қорқып кетеді
Әтеш әнін үшінші

Страницы: <<  <  15 | 16 | 17 | 18 | 19  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: