Шарошкалы қашаулардың ерекшеліктері

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

сабақ
Сабақтың тақырыбы: Шарошкалы қашаулардың ерекшеліктері
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға шарошкалы қашаулардың жұмыс істеу принциптері туралы толық білім беру және меңгерту. Оқығанын талдап, мәнін аша білуге үйрету, оқушының өзіндік пікірінің қалыптасуына ықпал жасау.
Дамытушылық: Пәнге және тақырыптың маңыздылығына деген қызығушылығын арттыру. Алған теориялық білімдерін қолдана алатындай есте сақтау, логикалық ойлау қабілетін және ғылыми дүниетанымын кеңейту.
Тәрбиелік: Бұрғылау қашауларын таңдауда шапшандыққа, ізденімпаздыққа, тиянақтылыққа, ұқыптылыққа, ұйымдық ауызбіршілікке тәрбиелеу, патриоттық сезімдерін ояту.
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгеру сабағы.
Сабақтың түрі: Аралас
Сабақтың оқу әдісі: Түсіндіру - илюстративті
Құрал-жабдықтар: Плакат, үлестірмелі карточкалары, слайдтар, мультимидедиалық проектор, макет, бейне таспалар.
Сабақтың жоспары:
Ұйымдастыру бөлімі-5мин
Өткен тақырыпты тексеру-25мин
Жаңа тақырыпты түсіндіру-35мин
Жаңа тақырыпты бекіту -20мин
Үйге тапсырма-5мин
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру бөлімі: Оқушылармен амандасу. Оқушыларды журнал бойынша түгелдеу және аудитория тазалығын тексеру. Сабақтың барысымен таныстыру, сабақтың мақсатымен таныстыру.
Өткен тақырыпты тексеру:
Оқушылар зейінін сабаққа аудару мақсатында өткен тақырыпты қайталау. Оқушылардан сөзжұмбақ шешу арқылы, үлестірмелі карточкалармен жұмыс жасау арқылы және оқушылардан ауызша сабақ сұрау арқылы үй тапсырмасы сұралады.
Үй тапсырмасының сұрақтары:
Тау жыныстарын бұзушы аспаптардың түрлері?
Қалақшалы қашауға сипаттама
Қалақшалы қашаудың конструкциясы
Қалақшалардың алдыңғы қырлары ойықтармен ойылған, сол ойықтар немен толтырылған?
Қашаулардың атқаратын қызметіне қар

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: