ынадай мәліметтер жазылады:
Қашаулардың шарошка саны бойынша түрі: біршарошкалы (I), екі шарошкалы (II), үш шарошкалы (III);
Қашау диаметрі;
Шарошка диаметрінің дайындалуы бойынша (мысалы М, МЗ, С т. с. с. ) қашау түрлері;
Жуу немесе үрлеу каналдарының орналасуы бойынша жуу тесігі ортасында (Ц), гидромониторлы (Г), үрлеу каналдары ортасында (П), үрлеу каналдары бүйіріне бағытталған (ПГ);
Шарошка тіректерінің конструкциялық ерекшеліктері: тербеліс подшипниктері (В түрлі тірек), екеуі тербеліс, қалғандары сырғанау подшипниктері (тірек түрі Н), құлыптық подшипниктерден басқаларының бәрі сырғанау подшипниктері (тірек түрі А). Егер шарошка тіректері саңылаусыздандырылып бекітілсе, У әрпі қойылмайды.
Макетті түсіндіру. Бейне таспадан қашаудың жұмыс жасау принципін түсіндіру.
4. Жаңа тақырыпты бекіту:
1. Оқушылармен бірлесе қорытынды жасау мақсатында сұрақ-жауапқа 6 сұрақтар слайдта көрсетілген.
Шарошкалы қашаулар дегеніміз не?
Шарошкалы қашаулардың басқа қашаулардан ерекшелігін атап беріңіз
Шарошкалы қашаудың типтері
Шарошкалы қашаудың жуу жүйелерін атаңыз
Үш шарошкалы қашаудың конструкциясын атаңыз
Шарошкалы қашаулардың диаметрлері қанша болады?
2. Мамандыққа байланысты кластер толтыру.
Плакаттан шарошкалы қашаудың конструкциясын түсіндіру.
Үйге тапсырма беру: Сурет салу. Дәріс түсінігін айту.
Бағалау. Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды және тапсырмаларды орындаған оқушыларды бағалау.
Батыс Қазақстан инженерлік – технологиялық колледжі
Ашық сабақ
Пәні: Мұнай және газ шыңырауларын бұрғылау техникасы мен технологиясы
Өткізген: арнайы техникалық пәндер
оқытушысы Сабргалиева Н. М.
Орал 2017
Страницы: << < 2 | 3 | 4