арада өтетінін көрсетіңіз. Біз уақыт шамасы туралы білетін боламыз. Бір нәрсені істеу үшін уақыт кетеді. Мысалы, теледидарда бір мультфильм ұзақ болады, ал кейбірі қысқа уақытта аяқталады. Бұл жерде біз мультфильмді көруге кеткен уақыт туралы айтып отырмыз.
-- Сендер уақыттарыңның тағы да неге кететінін айта аласыңдар ма? (Мектепке барамыз, сабақ оқимыз, ойнаймыз, жүреміз, ұйықтаймыз. . . )
-- Сендер қалай ойлайсыңдар, уақытты өлшеуге бола ма? (Иә. )
-- Қалай ойлайсыңдар, анаң кешкі асты дайындап жатқан кезде не істеуге болады?
-- Сендер қалай ойлайсыңдар, қайсысына уақыт көп кетеді: көйлекті тігу үшін бе, әлде ағашты өсіру үшін бе?
Оқушыларға уақытты қалай өлшейтінін және салыстыратынын, ол үшін қандай құрал қолданатынын, сондай-ақ уақыттың өлшем бірліктерімен танысаты нын айтыңыз. Оқушылардың жаңа материалды толық түсініп, меңгеруі және сабақ үстінде тірек сөздерді дұрыс қолдануы үшін ойын ойнатыңыз. Рөлдер бөліп беріңіз. Оқушылар өздерін аспаз рөлінде елестетіп, түскі ас мәзірін құрастырады (бірінші, екінші, үшінші тағамдар). Содан соң олар өз жұмыстарын ретімен бөліп алып, алдымен ол не істейтінін, содан кейін нені дайындайтынын т. б. айтады. Мысалы, аспаз алдымен сорпаны, кейін бұқтырылған етті, артынан компотты дайындайды. Компот суығанша, салат әзірлейді. Ойынға керек заттардың суретін, ал уақыт болса, тағамдардың суретін салуға ұсыныс жасаңыз. Егер сізде оқушылардың өздері ойлап тапқан тағамдардың суреттері болмаса, олардың атауын жазып қоюды ұсыныңыз. Тапсырма кезінде ламинатталған қағаз парақтары мен маркерлерді қолданыңыз. Оқушылар топтағы рөлдерін өздері бөліп алады.
Тапсырманы орындағаннан кейін бар лық топ ас мәзірлерін таныстырсын. Сабақтағы тірек сөздерді қолдануға жағдай жасаңыз. Оқиғаларды өту кезеңі бойынша орналастыру де
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>