Сабақ тақырыбы:
Шамалар. Уақытты бағдарлау
Оқиғаларды өту кезеңіне қарай орналастыру
Мектеп:
Күні :
Мұғалімнің есімі:
СЫНЫП: 1-сынып
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
Оқу мақсаты:
уақытты бағдарлайды: минут, сағат, күн, апта, ай;
тиісті уақыт өлшем бірліктерін қолданады; олардың арасындағы өзара байланысты түсінеді.
Барлық оқушылар:
Оқушылардың басым бөлігі:
Кейбір оқушылар:
Ресурстар:
Әр оқушыға арналған:
ламинатталған А4 қағаз парағы;
маркер.
Тірек сөздер
уақыт;
бұрынырақ;
кейінірек;
алдымен; содан кейін; таң; күн; кеш; түн.
Сабақтың мақсаты:
Оқиғалардың ұзақтығын негізге ала отырып, уақыт түсінігін жаңа өлшем ретінде енгізу. Түсінуге жағдай жасау және оқиғаларды ретімен орналастыра білуге жаттықтыру.
Сабаққа байланысты деректі материалдар
Сабаққа қатысты ескертпелер
Сабақта оқушылар оқиғаларды өту кезеңіне қарай орналастырады: ұзақ уақыт аралығындағы оқиғалар (бұрын -- кейінірек, алдымен -- сосын, ертеде -- жуырда), тәулік ішіндегі оқиғалар (таңертең, күндіз, кешке, түнде).
Кіріспе тапсырма. Сабақтың басында оқушы лармен уақыт туралы сөйлесіп, олардың уақыт туралы түсініктерін анықтау мақсатында әңгіме жүргізіңіз. Әңгімені балалардың білетін мәліметтерінен бас таңыз. Оқушыларға сұрақ қоя отырып, олардың жауабын тыңдаңыз. Мына сұрақтарды қойыңыз:
-- Анаң "Енді кеш!" деді. Сендер "кеш" деген сөзді қалай түсінесіңдер?
-- Таңертең сендер нешеде тұрасыңдар? Мұны сендер қалай біле аласыңдар?
-- Сен неше жастасың?
-- Сендер қалай ойлайсыңдар, мына ағаш неше жаста? Қазір уақыт туралы сөйлесетініңізді айтыңыз. Қандай да бір оқиғаның ұзақ уақытқа созылатынын немесе тез
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>