е 3 литрлік шыны құтыны көрсетіңіз.
Күрішті шыны құтыдан кастрөлге салыңыз. Күріштің барлығын салғаныңызды және шыны құтының бос қалғанын көрсетіңіз.
Екі ыдыстың көлемі туралы сұраңыз.
Кастрөлдің көлемі шыны құтыдан артық,
ал шыны құтының көлемі кастрөлден кем екенін айтуға жетелеңіз.
Күрішті шыны құтыға салыңыз.
Енді шыны құтының көлемі мен термостың көлемін салыстыруды тапсырыңыз
. Оқушылардан не істеу керектігін сұраңыз. Олар күрішті шыны құтыдан термосқа салуды ұсынуы мүмкін.
Күрішті шыны құтыдан термосқа салуын тапсырыңыз
. Термос күрішке толы екенін және шыны құтыда әлі күріш қалғанын көрсетіңіз
. Оқушыларды кастрөлдің көлемі шыны құтының көлемінен артық екенін,
шыны құтының көлемі термостың көлемінен артық екені
туралы қорытынды жасауға жетелеңіз.
5Сергіту сәті
6 Раушангүлді отырғыз.
Тапсырманы орындау үшін жұмысты жұппен ұйымдастырыңыз.
Оқушыларға суретке қарап,
30 литрлік ыдысты толтыру үшін қанша шелек топырақ салу керектігін анықтатыңыз.
Ол үшін оқушылар ыдыстардың көлемдерін сәйкестендірy керек.
Олар өз жауаптарын ламинатталған қағаздарға жазып,
сыныптағы оқушыларға көрсетуіне болады.
Жауабы:
3 шелек.
7 Орындап көр.
Тапсырманы тәжірибе түрінде оқушылардың өздеріне жасатыңыз.
1 литрлік және 2 литрлік ыдыстарды пайдаланып,
4 литр суды өлшеп алуын жұппен ұйымдастырыңыз.
Олардың қажетті ыдыстарды дұрыс таңдау арқылы өлшей білу дағдысын қалыптастырыңыз.
Жауабы:
2 л, 2 л;
1 л, 1 л, 1 л, 1 л;
1 л, 1 л, 2 л.
8 Автокөлікке неше литр б
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 | 5 > >>