да жатқан қағаздың біреуін ашып ондағы сөзді дауыстап айтады, сөздерді оқу қиындық туғызса, басқа, жақсы оқи алатын оқушы не мұғалімнің өзі көмектесуі керек.
Қай ыдыста сусын көп?
Ыдыстардағы сусынды салыстырып,
қай ыдыстағы сусын ыдыстың көп көлемін алып тұрса, сол ыдыстағы сусынның мөлшері көп екенін анықтап, оның суретін қоршап сызады.
Жауабы:
а) бірінші; ә) екінші;
б) бірде-біреуін қоршамайды, себебі олардағы сусын өзара тең.
Қатар тұрған екі шелекте неше литр су бар екенін есепте. Тапсырманы орындамас бұрын,
оқушылар "жұп" деген ұғымды естеріне түсіруі қажет. Бірнеше ыдыстағы судың көлемін табу үшін оларда көрсетілген сандарды қосу арқылы орындау керек.
Жауабы:
а) 20 л; ә) 10 л; б) 15 л.
Бағалау
Оқушылар сабақ соңында:
әртүрлі өлшеу жұмыстарын жүргізе отырып, көлемді литрмен анықтауды меңгереді.
Оқушылардың тақырыпты қаншалықты түсінгенін
білу үшін сұрақтар қойып, жауаптарын тыңдаңыз:
-- Құмырада 5 литр сүт бар.
Құмыраның көлемі мен кастрөлдің көлемі бірдей.
Кастрөлдің көлемі қандай? (5 литр)
-- Шыны құтыға 3 литр су сыяды
. Ненің көмегімен шыны құтыдан 1 литр суды алуға болады?
(өлшеуіш ыдыспен немесе көлемі 1 литр ыдыспен. )
-- Екі ұл бір-бір бөтелкеден ауызсу сатып алды.
Бөтелкелер бірдей
. Олар біраз су ішіп, қанша су қалғанын салыстырды: біреуінде артық, біреуінде кем
. Қалай ойлайсыңдар, қайсысы суды көп, қайсысы аз ішті?
Оқушылармен жұмыс дәптеріндегі "Жетістік бас-палдағымен" өзін-өзі бағала
Страницы: << < 3 | 4 | 5 | 6 > >>