r/>
Оқушылар көлемнің шама екенін түсініп, оны өлшеуге, салыстыруға болатынын біледі.
Бүгінгі сабақта сұйық және сусымалы құрғақ заттардың көмегімен ыдыстардың көлемін анықтауды жал-ғастырады
. Заттың көлемін анықтау үшін өлшеулер жүргізіп жаттығады.
Сыйымдылығы 1 л ыдысты тани және таба білу дағдысын қалыптастыруға жаттығу жұмыстары жүргізіледі.
Оларға тұрмыста жиі кез-десетін ыдыстардың сыйымдылығын есте сақтауға мүмкіндік жасалады.
Оқушыларға көлемі 1 куб дм болатын кубқа 1 литр су сыятыны туралы қызықты мәлімет ұсынылады
Оқушыларға алдыңғы сабақта көлемді (суды бір ыдыстан екінші ыдысқа құйып және текшелерді бір қораптан екінші қорапқа салып)
әртүрлі тәсілмен салыстырғанын естеріне түсіріңіз
4 Кіріспе тапсырма.
Бұл сабақта көлемді сусымалы заттар арқылы өлшеу мен салыстыру жүргізілетінін айтыңыз.
Мысалы, қант, құм, бұршақ, күріш, қарақұ-мық немесе басқа да дақылдар.
Жұмысты жұппен орындауды тапсырыңыз. Әр жұпқа 1 литрлік өлшеуіш ыдыс және күріштен басқа дәнді дақылдар беріңіз.
Әр топқа әртүрлі дақылдар беруге болады. "1 л" белгіге дейін 1 литрлік ыдысқа дақылдарды салып, сыныпқа көрсетуін тапсырыңыз
Оқушыларға қалайша сусымалы заттардың көмегімен көлемді салыстыруға және өлшеуге болатынын бақылауды ұсыныңыз.
3 литрлік шыны ыдыстың көлемін қалай білуге болатынын сұраңыз.
1 литрлік ыдысқа "1 л" деген белгіге дейін күрішті толтырыңыз.
Сол күрішті 3 литрлік ыдысқа салыңыз. Осылайша тағы да екі 1 литрлік ыдысты толтырыңыз.
Ыдысты толтырғаннан кейін оқушыларға ыдыстың көлемін айтуын талап етіңіз (3 литр).
Ыдыстардың көлемін сусымалы заттарды қолдану арқылы салыстырыңыз.
Күріш салынған 5 литрлік кастрөлді,
2 литрлік термосты жән
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>