ҮШ ТІЛДІ МЕҢГЕРУДІ ЖЕТЕЛДІРУ ЖОЛДАРЫ

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>

мемлекет тарапынан түрлі озық әдістемелер ұсынылып, түрлі сайыстар, ақшалай сыйақылар тағайындалып немесе басқа да барлық жағдайлар мен мүмкіндік жасап отыр.
Осыған қарамастан тіл үйренушілер тілді жетік меңгеру үшін, оқытушылар шағын мәтіндер құрастырып, соны үш тілде қайталтып отырса, оқушыларға бірдей талап қойса тілді меңгертуге болады деп ойлаймын. Тіл үйренуде негізгі мәселе - мәтіндерді іріктеу және оған ұйымдастырылатын жұмыс түрлерінде. Бұндай жұмыс түрлерін неміс ғалымы Габриел Нойф Мюнкел төрт типке бөлген. 1
сөйлеу үдерісін дайындауға бағытталған жаттығулар;
сөйлеу үдерісін құрастыруға бағытталған жаттығулар;
сөйлеу үдерісін жүйелеуге бағытталған жаттығулар;
ауызша коммуникацияны іске асыруға арналған жаттығулар.
Ал мен мәтінмен байланысты жұмыстарды төмендегідей жүргізуді ұсынамын:
мәтінді (мәнерлеп) оқу,
сөздікпен жұмыс жүргізу,
аударма жұмысын жүргізу,
мәтін бойынша сұхбат құрастыру,
мәтінді ауызша баяндау.
Бұл жаттығулар оқушының тілін дамуына бірден-бір септігін тигізеді. Осы жұмыстарды орындата отырып сұхбат жұмыстарының да бірнеше түрін ұйымдастыруға болады. Мысалға:
нақты жауап беретін сұрақтар,
жорамал немесе жалпы жауап беретін сұрақтар,
өзінің жеке жауабын беретін сұрақтар беру,
немесе берілген сөйлемге сұрақтар құрастырту,
нақты бір сөзге сұрақ қойғызу,
риторикалық сұрақ қойғызу секілді көптеген ауызша-жазбаша жұмыстар жүргізуге болады.
Бұндай сұрақ қою түрлері Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті шығарған "Әдістеме әлемінде" атты ғылыми жинақта толық беріледі. 3 Бұл тіл үйренушіге берілетін тапсырмалардың бір түрі ғана. Біліктілігі жоғары, іздемпаз ұстаз осындай әдіс-тәсілдердің неше алуан

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: