ҮШ ТІЛДІ МЕҢГЕРУДІ ЖЕТЕЛДІРУ ЖОЛДАРЫ

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>

айналыуы тиіс. Заман дамыған сайын қазақ тілі - ілгерлеудің күшті құралы ретінде қоғамдық қызмет атқаруы керек. Қазір қазақ тілі - кемеліне келген, лексикасы бай, икемділігі мол, орамды, саяси-әлеуметтік қызметі барынша өскен жүйелі де, көркем тіл. Ал келешекте ғылым мен техниканың алуан саласы бойынша ақпарат алудың негізгі көзі, жақын және алыс шетелдермен қарым-қатынас жасау үшін сондай-ақ ағылшын тілі де керек болып отырғанын ұмытпағандары жөн.
Елбасы Қазақстан халқына жолдаған жолдауында дамыған 50 мемлекеттің қатарына кіру үшін ағылшын тілін де меңгеру мүмкіндігі туып отырғанын атап айтады. 2 Оның әр оқыған, көзі ашық азамат өзінің үш тілді бірдей меңгеруі арқылы кез келген салада өзін жан-жақты көрсете алатындығын ұмытпағаны жөн деген көріпкелдікпен айтқан ойында үлкен мән-мағына бар. Осыған орай тілшілер, тіл оқытушылары қазақ, орыс, ағылшын тілдерін ауызекі сөйлеу деңгейінде меңгертуге жағдай жасап, тіл үйренушілерді қызықтыра білулері керек.
Бастауыш деңгейдегі тіл үйренуші үшін ең бастысы - ауызекі тілде сөйлеу, өз ойын жетік жеткізу, берілген сөздерден сөз тіркесін, сөйлем құрай алуы болып табылады. Тіл мамандары үшін тіл үйретуде қиындық тудыратын мәселенің бірі - қазақ, ағылшын тілдерінен тілдік ортаның қалыптаспауы, жоқтығы. Олар алдағы уақытта бұл тідердің олардың өміріне керексіз деп табуында болып отыр. Өйткені жұмысқа орналасуда олардың дипламдары мен біліктіліктері ғана ескеріледі. Тіл білу, білмеуі қазіргі таңда мемлекеттік қызметкерлерге ғана қойылатын талап болып отыр. Ал егер осы мемлекеттік тілді меңгеруі кез келген жұмысшыға, қызметкерге қойылаатын талап болса тілге деген көзқарас өзгерер еді. Негізінен мемлекет қазақ тілін үйренуді өзге ұлт өкілдеріне мәжбүрлей емес, саналы да сапалы оқып-үйрену саясатын алға тартып отыр. Тіптіден

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: