ҮШ ТІЛДІ МЕҢГЕРУДІ ЖЕТЕЛДІРУ ЖОЛДАРЫ

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

ҮШ ТІЛДІ МЕҢГЕРУДІ ЖЕТЕЛДІРУ ЖОЛДАРЫ

Қ. Қ. Ташенева қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Екібастұз қаласы Абай Құнанбаев атындағы 2 жалпы орта білім беретін мектеп

Ұсынылып отырған мақалада үш тілділікті меңгерту жолдары ұсынылған. Сондай-ақ, өзге тілді меңгертуде мәтінмен жұмыс істеу жолдары көрсетілген. Мәтінмен жұмыс істеудің әдіс-тәсілдері көрсетілген. Сөздікпен жұмыс істеу жолдары қарастырылған.

Тірек сөздер: көптілділік, ана тілі, бағдарлама, аударма, мәтін, үштұғырлық, тіл дамыту, лексика.

Тіл - қоғамның ең маңызды байланыс құралы. Тіл қоғамдық құбылыс. Қоғамсыз тіл, тілсіз қоғам болуы мүмкін емес. Ана тіл - кез келген адамға ана сүтімен бойына дарыған ерекше құбылыс, қасиет. Дүниеге келген сәбидің осы қасиеттін әрі дамытып, ойын кемелдендіріп, тілін байытып, сөздік қорын молайту - бала бақшадағы тәрбиешілер мен оқытушылардың арқалаған ауыр жүгі. Баланың тілін дамыту арқылы оның сана-сезімін, дүниеге деген көзқарасын, адамгершілік қасиеттерін, жан дүниесін бірге дамытамыз. Негізінен тілдің ғылыми тұрғыдағы қазметтеріне тоқталатын болсақ, қарым-қатынас құралы болу, ойды жарыққа шығару, адамның көңіл-күйді білдіруі, таным құралы болуы, белгілі бір зат не құбылыстың атауы болуы және т. б. осындай қызметтер. Ал осы қызметтерді үш тілде меңгерген адам, болашақта жан-жақты дамыған, саналы, ойлы, ең бастысы өмірде өз орнын таба білетін тұлға болып шығады.
Ендеше "тілдің үштұғырлығы" қазіргі таңда елеулі және көкейтесті мәселелердің бірі болу керек. Ол үшін біздің елімізде тұратын кез келген адамға ең бірінші "Мемлекетті сүю баспалдағы мемлекеттік тілді сүюден басталады" деген асыл ойды бойына сіңіре білу керек. Қазақ тілі қазіргі таңда Қазақстанда тұратын барлық халықтардың қарым-қатынас құралына

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: