Естияр тобындағы оқу іс-әрекетіне ұйымдастырылған
технологиялық картасы.
Білім беру саласы: "Таным"
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: "Есеп"
Тақырыбы: "Үш аю"
Қорытынды сабақ
Мақсаты: 3 көлеміндегі затты санау, қатардағы орнын анықтау.
1 ; 2 және 3; деген заттардан құралған топты айырып айту, екі топтағы заттарды салыстыруға жаттықтыру. Биік-аласа ұғымдарын бекіту. Кеңістікте бағдарлау (сол жақта-оң жақта, алдында-артында, ортасында) деген ұғымдарды меңгерту. Уақытты бағдарлау (таңертен,күндіз, кешке, түн) деген ұғымдарды меңгеруді бекіту. Оң қолымен сол жақтан бастап дұрыс санауды қадағалау, геометриялық пішіндерді - дөнгелек, үшбұрышты, тік төртбұрыштың, түстерін ажырата білуге үйрету. Балалардың сөйлеу қабілеті мен зейінін, есту, есте сақтау және ойлау, қиялдау қабілеттерін дамыту. Бір-бірінің сөзін тыңдай білуге тәрбиелеу.
Қажетті құралдар: аюлар, биік-аласа екі шырша, қоржын, геометриялық пішіндер, 3 ке дейінгі сандар, таратпа материалдар: екі жолақты карточкалар, жидектер мен саңырауқұлақтар.
Аймақтық компонент: Біздің өлкеде кездесетін жабайы аңдар туралы балалардың білімдерін толықтыру.
Қостілдік компонент: үш аю - три медведя, таңерткен-утром,күндіз-днем, кешке-вечером.
Әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивация
лық
қозғаушы
Балаларды шеңбер бойына тұрып төмендегі өлең жолдарын қайталап, қимылдар жасайды.
Қайырлы таң Аспан - ата,
Қайырлы таң Жер - ана
Қайырлы таң достарым
Сендерді көрсем қуанам.
1. Балалар щеңбер бойында тұрып сол жақта-оң жақта, алдында-артында, ортасында кім тұрғанын анықтау.
2. Ойын: "Бұл қай кезде болады?"
Мақса
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>