н:
"Серіктікті" милаймын.
Сіздерге әкеп шашуға,
Ілім, білім жинаймын.
Келді хатың мен шаршап
Отырғанда дамығып,
Хабарыңа бек аңсап
Сүзіліп көңілім талығып.
Сөзіңнен көріп өзіңді,
Құшақтай алдым қамығып.
Өлең оқу.
Релаксация.
Оқушылардың сабақта берілген ақпаратты қаншалықты жақсы меңгергенін анықтау. "Баспалдақ жетістігі"
оқушыларға қиылған жұлдызшалар беріледі. Ал тақтада баспалдақ салынған әр оқушы тақырыпты қаншалықты жақсы түсінгені бойынша баспалдақтың қай сатында тұрғанын көрсетеді.
Соңғы тыныштық сәтi.
Баяу әуен қойылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.
Мұғалім жәй дауыспен:
- Әрқайсымыз оң қолымызбен жүрегімізді ұстап көрейік. Өз жүрегіміздің жылылығын сезініп, жүрек жылуымызды адамдарға, айналамызға жеткізу үшін іштей оларға жақсы тілектер тілейік. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүректеріңізге түйіп алыңыздар. Рахмет! Көздеріңді ашуға болады.
Жаңбыр тамшыларыныңм әуені ойнап тұрады.
Үй тапсырмасы.
Мәтінді оқу 85 - 86 бет. Сұрақтарға жауап беру.
Күні: 11. 01. 17
Сабақтың тақырыбы: "Елім деп соғар жүрегім. . . "
Құндылық: Қарым - қатынас жарастығы
Қасиеттер: Отанға деген сүйіспеншілік, туған жерге махаббат.
Сабақтың мақсаты: "Отан", "ел" ұғымдарының адамгершілік құндылық ретіндегі мәнін түсіндіру. Отанына, туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Білімділік мақсаты: Отанға, туған жерге деген махаббаттың мәнін түсіндіру.
Дамытушылық мақсат: Отанының жарқын болашағына деген сенімдерін дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: Отанына, туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Р
Страницы: << < 40 | 41 | 42 | 43 | 44 > >>