ұмға жазуымыз керек, өйткені жел құмдағы жазуды өшіріп әкетеді. Ал біреу жақсылық жасаса, оны тасқа қашап жазу керек, өйткені ол жазуды жел де, уақыт та өшірмеуі керек"
Пікірталасқа арналған сұрақтар:
:: Бұл аңыздан қандай қорытынды шығаруға керек?
:: Достықта жақсылықты есте сақтап, ал жамандығты, өкпені ұмыту керек дегенді қалай түсінесіңдер?
:: Досыңды жоғалтпас үшін оған деген өкпеңді кешіре білу керек пе?
5. Шығармашылық жұмыс
Сынып З топқа бөлінеді.
1 Топ: "Менің сүйікті досым" тақырыбына шағын әңгіме жазады
2 Топ: Дос, достыққа байланысты мақал - мәтелдер айтады.
3 Топ: Достыққа байланысты сахналық көрініс көрсетеді.
6. Ән айту
Қ. Ыдырысовтың "Қайдасыңдар, достарым?" өлеңін үнтаспаға қосылып айтады.
7. Соңғы тыныштық сәті.
Көзімізді жұмып, баяу әуен толқынымен достарымызды көз алдымызға келтіре отырып, дүниедегі барлық жақсылықтарды достарымызға тілейікші.
Үй тапсырмасы.
"Дос жүрегі" атты шығарманы оқып келу
Күні: 07. 12. 16
Сабақтың тақырыбы: Іздегенде табылатын қасыңнан.
Сабақтың құндылығы: "Дұрыс әрекет"
Қасиеттері: Сыйластық, адалдық, шынайылық
Сабақтың мақсаты:
"Дос", "Достық" ұғымдарының адамгершілік құндылық ретіндегі мәнін ашу.
Сабақтың міндеттері:
:: Достар арасындағы рухани жақындастық мәнін ұғындыру
:: Айнала қоршаған адамдарға тілеулес, ізгі ниеттерін дамыту
:: жауапкершілікке, сезімталдыққа тәрбиелеу
Сабақтың әдісі: Пікір алысу, әңгімелесу, сұрақ жауап.
Сабақтың көрнекілігі: Достық туралы нақыл сөздер, слайдтар, үнтаспа.
Са
Страницы: << < 27 | 28 | 29 | 30 | 31 > >>