тар, түйіндер, күлбіреу, төбеліктер жатады. Екіншілік элементтерге бұл бастапқы элементтердің дамуы барысында теріде пайда болатын дақтарды айтады. Оларға жағдайда пигменттенуді, депигменттенуді, қабыршақ, эрозия , жаралы ойылымды, тыртықты, атрофияны, лихенфикацияны жатқызады.
Зақымдалған шашты микроскопиялық зерттеу кезінде саңырауқұлақтың тұқымдастығын анықтауға болады. Нәтижесінде табылған мицелий жібін және спораларды көрсетеді. Саңырауқұлақ элементтерінің санын, спора мөлшерін және пішінін (дөңгелек, алмұрт тәрізді, таяқша тәрізді, дөңес тәрізді) олардың тобын көрсетеді.
Микоздардың жіктелуі.
Микозды 4 топқа бөледі:
1. Пиломикоздар-түрлі-түсті лишай.
2. Дерматомикоздар-эпидермофития, трихофития, фавус, микроспория.
3. Кандидоздар.
4. Терең микоздар-пенициллиоз, мукороз, аспергиллез.
Қоздырғыштардың морфологиясы
Лишай қоздырғышы
Пиломикоздар - терінің беткей қабатын зақымдайды; қысқа иілген, бұтақталған мицелия, споралы, дөңгелек пішінді диаметрі 3-8 мкм, көбіне шоғырланып орналасады.
Дерматомикоздар.
Трихофития қоздырғышы шашты, тырнақты, теріні зақымдайды споралары моншақ тәрізді тізбектеліп орналасады, шашта мицелийлері сегменттеліп орналасады. Споралаы шаштың ішінде де сыртында да орналасуы мүмкін.
Фавус қоздырғышы-шашты, нәзік теріні кей жағдайларда тырнақты зақымдайды. Шашты зерттеген кезде споралары шаштың ішінде дөңгелек пішінді, өлшемі әр түрлі, тізбектеліп және шоғырланып орналасады. Құрамында ауа және май тамшылары кездесуі мүмкін.
Микроспория қоздырғышы - нәзік теріні, түкті теріні және шашты зақымдайды. Микроскопиялаған кезде споралары шаштың жан жағында орналасады, ал шаштың ішінде шоғырланып, мицелийлері баспа тәрізді орналасады.
Эпид
Страницы: << < 2 | 3 | 4 | 5 | 6 > >>