САҢЫРАУҚҰЛАҚТЫ АУРУЛАРДЫҢ ҚОЗДЫРҒЫШТАРЫ МЕН КЛАССИФИКАЦИЯСЫ

Страницы: <<  <  3 | 4 | 5 | 6  >  >>

ермофития қоздырғышы - терінің қалың жерлерін және тырнақты зақымдайды, шашты зақымдамайды. Қабыршақтан және тырнақтан дайындалған препаратта дөңгелек және тік бұрышты тізбектеліп орналасқан мицелий анық көрінеді.
Кандидоздар.
Кандидоздарды зерттеу үшін тырнақ, тері, жарақаттың беті, ірің, жұлын сұйықтығы, қан, өт, несеп, нәжіс және т. б. қолданады. Нативті препаратта дөңгелек, сопақша немесе тізбектеліп орналасқан дрожж тәрізді жасушалар, жүзім шоғыры тәрізді орналасады. Пішіні ұзын, қысқа, жіңішке, жуан жіпшелер тәрізді. Жуан және жіңішке мицелийлер ауыз қуысының шырышты қабығының кандидозында (молочница) кездеседі. Романовский Гимзе бояуымен ақшыл қызыл- күлгін түске, Циль Нильсен бояуымен бояғанда қызғылт ұсақ қосымшалары бар көк түсті саңырауқұлақтар анық байқалады. Грам әдісін қолданғанда саңырауқұлақтар қою күлгін түске боялады.
Терең микоздар
Пенициллиоз қоздырғышы тізбектелген көгілдір түсті тармақталған мицелия (кисточка тәрізді). Мукор қоздырғышы мицелийдің шет жағында споралы спорангия орналасады. Пішіні алмұрт тәрізді, жұмыртқа пішінді, споралы сөмкеге ұқсайды. Аспергиллез қоздырғышы бір шеті кеңейген, қара түсті басы бар мицелия.
Беткейлік трихофития кезінде саңырауқұлақ элементтері - споралар шаштың ішінде тізбектеліп, "эндотрикс" тәрізді орналасады. Шаш контуры анық, түсінікті.
Инфильтративті- іріңді трихофития кезінде споралар "эктотрикс" тәрізді орналасады. Шаш контуры анық емес, жағылған.
Микроспория қоздырғышының споралары шаштың беткейінде орналасады. Моншақ түзбейді, "мозаика" тәрізді. Жабынды әйнекпен босып қараған кезде шаштың ішінде жалпақ микроспорум мицелийлері көрінеді.


Әдебиеттер:
oo Руководство по клиническим лабораторным исследованиям основанное В. Е.

Страницы: <<  <  3 | 4 | 5 | 6  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: