ұстайды, оң қолы тышқан, сол қолы мысық. Саусақтармен мысық пен тышқанның бейнесін жасайды. Сөзіне сәйкес қимыл жасау.
Кіші шармен жаттығу.
Мынау менің оң қолым,
Мынау менің сол қолым,
Кіші шарды аламын,
Жаттығу жасаймын,
Оң қолым мықты болсын!
Сол қолым мықты болсын,
Қолдырым менің күшті болсын!
Екі шарды алақанға салып, уысқа қысу, оң, сол қолды көрсетіп , жаттығу жасау.
Қаз.
Қаз қанатын жиып алды,
Қауырсының жуып алды,
Оңға қарап, солға қарап,
Жерден дәнді тауып алып,
Дәннің бәрін шоқып алып,
Қанаттарын жайып алып,
Су мен жемге тойып алды.
Саусақтармен сөздерді бейнелеу.
"ҚЫЗЫҚ-АЙ"
Күлкілі, әрі қызық-ай (екі қолды жая иықтарын көтереді, бастарын шайқайды)
Қой қағып тұр қақпаны (сөз ырғағына сәйкес жұдырықпен аяқтарын соғады)
Теуіп және сүзіп-ай (аяқтарын топылдатады, "мүйіз" жасайды)
Қой қағып тұр қақпаны (сөз ырғағына сәйкес жұдырықпен аяқтарын соғады)
Күлкілі, әрі қызық-ай екі қолды жая иықтарын көтереді, бастарын шайқайды)
Аша алмады бұзып-ай (сөз ырғағына сәйкес жұдырықпен аяқтарын соғады)
Басын ауыртты, тапқаны (жұдырықпен аяқтарын қатты нығарлайды)
Күлкілі, әрі қызық-ай (екі қолмен бастарын сипайды, иықтарын көтереді)
Қой қағып тұр қақпаны (сөз ырғағына сәйкес жұдырықпен аяқтарын соғады)
Соғар қойдың өзін-ай (қабағын түйіп, сұқ саусақпен доқ көрсетеді)
Табылар ма жан қане (екі қолды жая иықтарын көтереді
"САЛАТ"
Сәбізді алып тазалаймыз (оң қолды жұдырыққа түйіп, сол қолдың алақанына ысқылайды)
Үккішпен үгіп майдалаймыз (екі қолды жұдырыққа түйіп кеідеге ұстап, жоғары-төмен қозғайды)
Қанттай сеуіп дәмдейміз (саусақтардың ұшымен қант себеді)
Қаймақ құйып сәнде
Страницы: << < 2 | 3 | 4 | 5 | 6 > >>