лға жаяды)
Тіпті "сәлем" - деймін мен ("қанаттарын" екі қолдарын сәл көтеріп, қайта түсіріп қағып тұрады)
Тауыққа көрші үйдегі (бір қолдың сыртын екінші қолдың алақанына беттестіре саусақтарды жан-жаққа аша "күн" жасайды)
Сәлемет пе, (екі қолды жоғары соза аспанды көрсетеді)
Шуақты күн көкте! (екі қолды жоғары көтере екі жанына кезек теңселеді)
Сәлемет пе, (екі қолды төмен түсіре, қол бастарын бір-бірінің үстіне қойып алдына ұстайды)
Нұрлы аспан көкпеңбек! (оң жаққа оң қолын жаяды)
Сәлемет пе, (сол жаққа сол қолын жаяды)
Самал жел желпіген" (оң қолдың сұқ саусағын алдына тік ұстай оңға, солға кезектестіре шайқайды)
Сәлемет пе, (бастарын шайқайды)
Кішкентай түбіртек!
Сәлем, таң жаңа атқан!
Сәлем, күн арайлы!
Сәлемге еріну!
Бізде әсте болмайды
"ӨРМЕКШІ"
Күні бойы еңбекпен (оң қолдың бас бармағы мен сол қолдың сұқ саусағының ұштарын түйістіреді, керісінше қайталайды (сол қолдың бас бармағы мен оң қолдың сұқ саусағы)
Өрмекші өрмек тоқиды (саусақтарын сыртылдатады)
Нөсер тек кенет селдеткен (оң алақанмен сол қол алақаның үстінен тез "сырғанап түседі)
Еңбегін оның жоқ қылды (барлық саусақтардың арасын ашып, бір қолдың алақандарына екінші қолдың алақан сыртын беттестіреді "күн" жасайды)
Күн шықты қайта жарқырап (екі қол алақандарын беттестіре жоғары көтеріп біресе оңға, біресе солға иіледі)
Құрғады тез-ақ төңірек (барлық саусақтардың ұштарын түйістіре, тез-тез кезектестіре бір-біріне соғады)
Өрмекші өрмек тоқуға
Кірісті, дереу, тезірек
Страницы: << < 6 | 7 | 8