уші саңырауқұлақтар тағамдық азықтарға түсіп, микотоксикоздар және афлотоксикоздар сияқты уланулар шақырады.
Қарапайымдылар мөлшері 1 г топырақта 500-500 000-ға дейін жетеді. Бактериялармен және органикалық қалдықтармен қоректене отырып, қарапайымдылар топырақтың органикалық заттарының құрамын өзгертеді.
Адам үшін топырақтық құрамы және оның микрофлорасының мәнін білу топырақтың санитарлық-микробиологиялық бағалануын реттеуге қажетті жағдай. Топырақтың санитарлық-микробиологиялық зерттелуі алдын ала қадағалау және ағымды санитарлық қадағалау инструкциясына бағынады.
Алдын ала қадағалау жүргізіледі:
а) құрылысты және тұрғылықты жерлердегі қайта қоныстандыру орындарын қайта салуды жоспарлау кезінде.
б) емдеу-профилактикалық және дәріханалық мекемелердің, санаторилардың, балалар мекемелерінің құрылыс орындарын таңдау кезінде.
в) тұрғылықты жердегі сумен қамтамасыз ету және канализация мәселелерін шешу кезінде.
г) ұжымдық дем алу орындарын және жағажайлардың санитарлық бағалануы кезінде.
Ағымды санитарлық қадағалау жүргізіледі:
а) топырақтың санитарлық жағдайын бағалау кезінде және өзін өзі тазалау қабілетін тексеру кезінде (мысалы балалар бақшасының топырағын, аурухананың, демалу орындарының топырақтарын жылына 2 рет жүргіледі).
б)ағын сулар мен қалдықтарды топырақтық және биотермиялық залалсыздандыру әдістерімен қадағалау кезінде жүргізіледі (айына 4 ретке дейін)
в) эпидемиялық көрсеткіштер бойынша инфекциялық аурулардың берілуін анықтау.
Ағымды-санитарлық қадағалауды жүргізу кезінде тағайындалады, оған: ЖМС, ІТТБ, қатал анаэробтар титрі, термофильді бактериялар, нитрификациялайтын бактериялар. Толық санитарлы микробиологиялық анализге қосымша енгізіледі: м
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 | 5 > >>