нұсқама негізінде салық қызметі органдары лауазымды адамдарының салық салу объектісі және салық салумен байланысты объект болып табылатын мүлікті тексеруіне жол беру;
салық есептілігі мен құжаттарды заңға сәйкес тәртіптен табыс ету;
сауда операцияларын жасаған немесе қызметтер көрсеткен кезде тұтынушылармен ақшалай есеп айырысуды фискалдық жады бар бақылау – касса машиналарын міндетті түрде пайдалана тұтынушының қолына бақылау чегін бере отырып жүргізу.
Салықты төлеуді бақылау – салық заңдарының орындалуын, мемлекетке түсетін салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді есептеу дұрыстығын және олардың уақытылы төлену мәселелері бойынша заңды және жеке тұлғаларды тексеру. Салықты төлеуді басқаруды тек қана салық қызметі органдары жүзеге асырады.
Салық салу қағидалары:
Салық механизмінің қызметі белгілі қағидаларға сүйеніп іске асырылады. Қазақстан Республикасының Салық Кодексі салық ісін мынадай қағидаларға негізделіп жүргізілуін талап етеді:
міндеттілік қағидасы бойынша салық төлеуші салықтық міндетін толық және белгіленген мерзімде орындауы тиіс.
нақтылық қағидасы бойынша Қазақстан Республикасындағы бюджетке төленетін төлемдер мен салықтар нақты болуы тиіс.
әділеттілік қағидасы бойынша Қазақстан Республиикасында салық салу жалпыға бірдей және міндетті болады, жеке түрдегі жеңілдік жасауға рұқсат етілмейді.
біртұтастылық қағидасы бойынша Қазақстан Республикасы аумағында жалпыға бірдей салық жүйесі қолданылады.
жариялылық қағидасы бойынша салықты реттеуші нормативтік құқықтық кесімдер ресми басылымдарда жарық көреді.
Қазақстан Республикасында салық жүйесінің де алатын орны зор. Салық жүйесін мемлекет пен заңды және жеке тұлғалар арасындағы қаржы қатынастары және осы қатынасты анықтайтын салықтар, салық механизмі я
Страницы: << < 5 | 6 | 7 | 8 | 9 > >>