Салықтардың экономикалық мәні мен атқаратын қызметі

Страницы: <<  <  6 | 7 | 8 | 9 | 10  >  >>

ғни, салық салу әдістері мен тәсілдері, жолдары, салық заңдары мен салыққа қатысты кесімдердің, салық қызметі органдарының жиынтығы құрайды. Салық жүйесі мемлекет қаржы көздерін жасаудың ең негізгі құралы болуымен қатар, ел экономикасын қайта құруға, өндірістің ұлғайып дамуына және саяси әлеуметтік шаралардың толығымен іске асуына мүмкіндік туғызады. Еліміздің салық жүйесінің дамуын төрт кезеңге бөліп қарастыруға болады:
1-ші кезең (1992-1995 жж) – жаңа салық жүйесі базисінің, салық кезеңінің өңделуі және іске қосылуы;
2-ші кезең (1996-1998 жж. ) – нарықтық экономика талаптарына сай келетін салық жүйесін құруды аяқтау;
3-ші кезең (1998-2000жж. ) – барлық қағидалардың ескерілуі арқылы салық жүйесіне өзгерістер мен толықтыруларды енгізу, салық жүйесін одан әрі жетілдіру.
4-ші кезең (2001-2002 жж. ) – Жаңа салық Кодексі қабылданып, іске қосылды.
Қазақстан Республикасының 1991 жылдың 25 желтоқсанында қабылданған Қазақстан Республикасындағы Салық жүйесі туралы Заң тәуелсіз салық жүйесін құрудың ең алғашқы бастамасы болып табылады. Бұл еліміздің экономикасын реформалаудағы күрделі жұмыстардың бірі болып саналады. Осы кезеңдерде елде көптеген өзгерістер болды және экономиканың дамуына көптеген құбылыстар, атап айтқанда, меншіктің көптеген түрлерінің дамуы, шаруашылық жүргізуші субъектілер мен мемлекет арасындағы қатынастардың құқықтық негізде жүргізілуі және тағы да басқа құбылыстар іске аса бастады.
Осы Заң бойынша алғаш рет Қазақстан Республикасында 42 салық түрі қызмет етті және олар 3 топқа бөлінді:
жалпы мемлекеттік салықтар – 10,
міндетті түрде төленетін жергілікті салықтар мен алымдар – 11,
жергілікті салықтар мен алымдардың 18 түрі.
Бұл салықтардың негізін табыс салығы, пайдаға салынатын салық, қосылған құнға салынатын

Страницы: <<  <  6 | 7 | 8 | 9 | 10  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: