Салықтардың экономикалық мәні мен атқаратын қызметі

Страницы: <<  <  3 | 4 | 5 | 6 | 7  >  >>

у мерзімі мен тәртібі, салық төлеушінің және салық қызметі органдарының құқықтары мен міндеттері, салық төлеуін бақылау, салықтық жазалау шаралары. Осы элементтерге жеке-жеке тоқталатын болсақ:
Салық төлеуші (субъект) - салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу жөніндегі заңды міндеті бар тұлға. Қазақстан Республикасының салық төлеушілері:
1)резидент және резидент емес заңды тұлғалар;
2)Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар болып жіктеледі.
Салық объектісі – заң жүзінде негізделген салық салуға негіз болатын табыс, мүлік, қызмет көрсету, ақшалай операциялар және тағы да басқа көптеген тауарлық – материалдық игіліктер.
Салық көзі – салық салынатын табыс. Салық салынатын табыс жылдық жиынтық табыс пен шегерімдердің айырмасы ретінде анықталады.
Салық ставкасы – бір өлшем бірлігінен алынатын салық мөлшері. Ставкалар тұрақты немесе пайыз нысанында белгіленеді. Пайыздық салық ставкасы прогрессивтік, регрессивтік және пропорционалдық (тұрақты) болып бөлінеді.
Прогрессивтік ставкалар салық салынатын табыстың өсуіне сәйкес ұлғайып отырады.
Пропорционалды ставкалар керісінше, салық салынатын табыстың мөлшеріне байланыссыз тұрақты пайызбен тағайындалады.
Регрессивті салық ставкасы – салық салынатын табыс мөлшерінің өсуіне қарай салық ставкасының төмендеуі. Тұрақты салық ставкасы салық объектісінің көлемінен тәуелсіз бірыңғай сома түрінде белгіленеді.
Салық өлшем бірлігі – есептеу үшін берілген салық объектісінің өлшем бірлігі.
Салық оклады – салық төлеушінің белгілі бір объектісінен төленетін салық сомасы.
Салық жеіңілдіктері заңға сәйкес салық төлеушіні бірітіндеп немесе салық төлеуден толық босату. Салық жеңілдіктеріне салықтан толық босатылатын, с

Страницы: <<  <  3 | 4 | 5 | 6 | 7  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: