/> 5. 1 - сурет - Сұйықтық және ауамен салқындату жүйелері.
5. 3 Қозғалтқышты сұйықпен салқындату
Қозғалтқышты сұйықпен салқындату ең көп тараған әдіс. Сұйық ретінде суды немесе төменгі температурада қататын антифризді пайдаланады.
Сұйықпен салқындату жүйесіне:
- блок пен цилиндрлер қалпақшасын салқындататын су тысы,
- радиатор және өзектері;
- су насосы;
- желдеткіш;
- термостат;
- сондай-ақ қосалқы құрылғылар (су тарататын канал, жалғастырғыш шланг, ағызу шүмегі және сұйықтық температурасының көрсеткіші) жатады.
Қозғалтқыш жұмыс істеп тұрған кезде салқындату жүйесіндегі судың ықтиярсыз алмасуы ортадан тепкіш су насосы арқылы пайда болады. Ортадан тепкіш су насосы радиатордың төменгі бағындағы суды сорып, қысым күшімен мотордың су каналына айдайды да, мұнда ол цилиндрлер қабырғаларын салқындатады.
Қозғалтқыштарда көбіне жабық салқындату жүйесі қолданылады. Радиатор нығыз жабылады да, тек қысым өте жоғары немесе өте төмен болғанда ғана бу клапаны арқылы сыртқы атмосферамен қатысады. Оларда сұйықтықтың булануы шамалы ғана болады және судың температурасы жоғары болады. Сұйықтықтың жоғарғы температурасы қозғалтқыштың жұмысына қолайлы әсер етеді.
5. 4 Сұйықпен салқындатылатын жүйенің құрылысы
Радиатор. Мотордың салқындату жүйесіндегі радиатор жоғарғы және төменгі бактардан, өзектен және бекіткіш бөлшектерден тұрады. Өзектер жылуды жақсы өткізуі және суды тез салқындату үшін жезден жасалған. Жоғарғы және төменгі бактар келте түтік арқылы мотордың салқындату тысымен жалғасады. Төменгі бакта радиатордағы немесе мотор блогында суды ағызатын шүмектер болады. Суды жоғарғы бактың аузы арқылы құяды, ол қақпақпен жабылған. Сұйықпен салқындатылатын жүйеде қозғалтқыштың жылу тәртібі екі жақты ретке келтіреді: пердел
Страницы: << < 2 | 3 | 4 | 5 | 6 > >>