Салқындату жүйесі

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>

атқарады. Себебі цилиндр ішінде жанған газ жылуы тұтасқан механикалық жұмысқа ауыспай, біраз бөлігі двигатель бөлшектеріне беріледі де, олардың температүраларын едәуір көтеріп жібереді. Егер осы жылуды сол бөлшектерден алып кетпесе, онда олар өте қызып, алғашқы механикалық, беріктік қасиеттерін жоғалтады. Сейтіп істен шығуы мүмкін. Поршеньнің жұмыс жүрісі кезінде, жану процесінен белінген жоғарғы жылу, белшектердің тікелей жанасатын бөліктерін тез қыздырады (цилиндрді, цилиндр қалпағы, поршеньдер, клапандар). Цилиндрде жанған жанармай жылу энергиясының 20-35-ы мотор белшектерін қыздыруға жұмсалады. Егер осы қызған бөлшектерді салқындатпаса, бөлшек бетіндегі май күйіп, қатты қызған бөлшектер керіліп, қысылады және тез үйкелістен қажалады. Сондықтан тез қызып кетуге жол бермес үшін, қызған беттерді салқындатып отыру қажет. Егер мотор жеткіліксіз салқындатылған болса, мотор жоғары энергия ала алмайды, жанармай шығыны артады, ал бөлшекгер майдың жеткіліксіз болуынан тез қажалады. Қозғауыштың жұмыс температурасы 80-95 0С
5. 2 Салқындату жүйесін жіктеу
Қозғалтқыш жұмыс істеген кезде цилиндр ішінде жанған отын 1800-3000 градусқа дейін қызады, газ цилиндрлер қабырғасын, поршень мен блок қалпақшасын қыздырады. Салқындату жүйесі қызған бөлшектерді салқындату үшін қажет.
Іштен жанатын қозғалтқыштарда артық жылуын шығаруды сұйықпен немесе сыртқы ауаның көмегімен жасанды түрде салқындату арқылы жүзеге асырады.

1-радиатор өзектері, 2-вентилятор, 3-радиатор пердесі, 4-жоғарғы бак, 5 -- радиатор қақпағы, 6 -- бу шығаратын түтік, 7 -- жоғарғы келте түтік,8,9 -- мотордың блогының су тысы, 10 -- төменгі түтік, 11 -- төменгі бак, 12 -- ағызу шүмегі, 13 -- бу-ауа клапаны, 14 -- термостат, 15 -- термометр, 16 -- сұйық бөлу каналы, 17 -- насос, 18 -- су түтігі.

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: